ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ
ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ: Өніммен бірге берілген барлық қауіпсіздік
техникасының
суреттерді жəне техникалық сипаттамаларды оқып
шығыңыз.
Төменде көрсетілген барлық нұсқауларды орындамау
салдарынан электр тогының соғуы, өрт шығуы жəне/
немесе ауыр жарақат орын алуы мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта
қарау үшін сақтап қойыңыз. Ескертулердегі электр құралы термині
электр желісінен жұмыс істейтін (сымды) немесе батареямен
жұмыс істейтін (сымсыз) электр құралын білдіреді.
2.4 ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
• Жұмыс орны таза əрі жарық болуы қажет. Жұмыс орнының лас
немесе қараңғы болуы оқыс оқиғалардың пайда болуына себеп
болады.
• Электр құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе
шаң сияқты заттар болатын жарылыс қаупі бар орталарда
пайдаланбаңыз. Электр құралдары шаңды немесе түтінді
тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады.
• Электр құралын пайдаланған кезде, балалар мен бөгде адамдар
алшақ тұруы қажет. Басқа нəрсеге алаңдау салдарынан құралды
басқара алмай қалуыңыз мүмкін.
2.5 ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
• Электр құралының ашалары розеткаға сəйкес келуі қажет.
Ашаны еш уақытта өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер штепсельдерін
жерге тұйықталған электр құралдарымен бірге пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген ашалар мен сəйкес келетін розеткалар электр
тогының соғу қаупін азайтады.
• Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары жəне тоңазытқыштар
сияқты жерге тұйықталған заттарға денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз
жерге тұйықталған заттармен жанасса, электр тогының соғу қаупі
артады.
• Электр құралдарын жаңбырдан жəне ылғалдан сақтаңыз.
Электр құралына су кірсе, электр тогының соғу қаупі артады.
ескертулерін,
207
нұсқауларды,
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN