Техникалық Қызмет Көрсету, Тазалау, Жөндеу Жəне Сақтау - Stihl RLE 540 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 105
– бұғатталған аэратор блогын босату
немесе лақтырманың науасындағы
қоқыстарды кетіру алдында,
– құрылғыны тексеру, тазалау немесе
басқа жұмыстарды орындау
алдында (мысалы, бас тұтқаны
жинау),
– бөгде заттармен қақтығыс
анықталған жағдайда. Құрылғыны
қайтадан іске қосу жəне құрылғымен
жұмыс істеу алдында құрылғыдағы
зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз
жəне қажетті жөндеу жұмыстарын
орындаңыз.
– құрылғы қалыпсыз түрде дірілдеген
жағдайда. Мұндай жағдайда дереу
тексеру қажет болады.
Ақаулы бөлшектерден жарақат
алу қаупі туындайды!
Қатты дірілдер əдетте
ақаулықтың белгісі болып
табылады.
Құрылғыны, əсіресе, аэратор
блогы (кесетін десте, пышақ,
аралық қабаттар жəне
бұрандалар) зақымдалған
немесе майысқан жағдайда
қолдануға болмайды.
Қалыпсыз діріл немесе бөгде заттармен
қақтығыс орын алған жағдайда,
құрылғыда, əсіресе, аэратор блогында
(кесетін десте, пышақ, аралық қабаттар
мен бұрандалар), корпус пен
лақтырманың қақпағында зақымдардың
жəне босаған бөліктердің бар-жоғын
тексеріңіз жəне құрылғыны қайта іске
қоспастан жəне қолданбастан бұрын
қажетті жөндеу жұмыстарын
орындаңыз. Қандай да кеңестер қажет
болған жағдайда, барлық қажетті
440
жұмыстарды кəсіпқой маманға
орындауға беріңіз – STIHL компаниясы
STIHL делдалдарын ұсынады.
4.7 Техникалық қызмет көрсету,
тазалау, жөндеу жəне сақтау
Құрылғымен барлық
жұмыстарды орындау
алдында, құрылғыны орнату
немесе тазалау алдында немесе
қосатын желінің оралып қалғанын
немесе зақымдалғанын тексеру
алдында, құрылғыны өшіріңіз, желілік
ашаны тартып шығарыңыз жəне
пышақтың қозғалысын тоқтатыңыз.
Жабық жерде тоқтата тұру, техникалық
жұмыстарды жүргізу жəне құрылғыны
тазалайтын жұмыстарды бастамас
бұрын, оған толықтай сууға уақыт
беріңіз.
Тазалау:
Қолданып болғаннан кейін, құрылғы
жақсылап тазартылуы керек. (
Жиналған қалдықты ағаш таяқпен
кетіріңіз. Құрылғының төменгі бетін
қылшақпен жəне сумен жуыңыз.
Ешқашан жоғары қысымды
тазалағышты пайдаланбаңыз жəне
құрылғыны ағынды сумен жумаңыз
(мысалы, бақшалық шлангінің
көмегімен).
Агрессивті жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз. Бұлар пластиктің
немесе металдың зақымдалуына
əкеліп, STIHL құрылғысының қауіпсіз
жұмысына теріс əсер етуі мүмкін.
Өрттің туындау қаупін азайту үшін,
желдеткіш бұрғы құдықтары, электр
қозғалтқыштың капоты мен корпусы
арасында: шөп, сабан, мүк, қураған
жапырақ жəне ағып кеткен майлаудың
болмағанына көз жеткізіңіз.
Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар:
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстарды орындаңыз,
барлық басқа жұмыстарды делдал
өткізуі тиіс.
Қажетті құралдар мен білім жетіспеген
жағдайда дереу делдалға
хабарласыңыз.
STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды жəне
жөндеуді орындау үшін тек STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Аталмыш құрылғы үшін тек қана STIHL
компаниясы рұқсат еткен немесе
техникалық тұрғыдан бірдей
құралдарды, керек-жарақтар мен
11.2)
аспалы жабдықтарды пайдаланыңыз,
əйтпесе адамдарға зақым келтіру
немесе құрылғының бұзылу қаупі
туындайды. Сұрақтар болған жағдайда
делдалға хабарласыңыз.
STIHL компаниясының түпнұсқа
құралдары, керек-жарақтары мен
қосалқы бөлшектері өз қасиеттері
бойынша құрылғы үшін оңтайлы жəне
пайдаланушының талаптарына сай
келеді. STIHL түпнұсқа қосалқы
бөлшектерін STIHL қосалқы бөлшек
нөмірі, STIHL атауы жəне қажет
болғанда STIHL қосалқы бөлшек коды
бойынша анықтауға болады. Ұсақ
бөлшектерде тек бөлшек нөмірі ғана
болуы мүмкін.
0478 670 9906 A - KK

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido