80 | Қазақ
Басымдық түймесі (Priority Start) (3)
Әр зарядтау науасында (2) оның ішінде
зарядтау процесін дереу бастауға арналған
басымдық түймесі (3) бар.
– Басымдық түймесі (3) бір рет
басылғаннан кейін, бұл зарядтау науасындағы
аккумуляторға басымдық беріліп, ол өз қуатының
шамамен 80%-на дейін зарядталады (бірінші зарядтау
циклі). Зарядтау процесін бастау үшін аккумулятор
заряды деңгейінің индикаторындағы (4) бірінші төрт
жарық диоды қысқа мерзімге жанады. Аккумулятор
шамамен 80 %-ға дейін зарядталған соң, көрсеткі (6)
бойынша келесі аккумулятор зарядталады (сағат
тілінің бағытына қарсы).
– Басымдық түймесі (3) екі рет басылғаннан кейін, бұл
зарядтау науасындағы аккумуляторға басымдық
беріліп, ол шамамен 100 %-ға дейін зарядталады.
Зарядтау процесін бастау үшін аккумулятор заряды
деңгейінің индикаторындағы (4) бес жарық диоды
қысқа мерзімге жанады. Бұл зарядтау процесі
аяқталғаннан кейін, басқа аккумуляторлар ары қарай
шамамен 80 %-ға дейін зарядталады.
Бір аккумулятор (1) басымдықпен толықтай
зарядталғаннан кейін, келесі зарядтау науасындағы
аккумуляторға ауысады. Зарядтау реттілігі зарядтағыш
құрылғыдағы басылған көрсеткінің (6) бағыты бойынша
жүзеге асады (сағат тілінің бағытына қарсы).
Жарық диод элементтерінің мағынасы
Жасыл түсті аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторы (4)
Аккумулятор (1) салынған кезде, оған қатысты
аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (4)
аккумулятор зарядының деңгейін көрсетеді.
Зарядтау барысында үздіксіз жанып тұрған жарық
диодтары зарядталған аккумулятордың қуатын көрсетеді.
Бірінен кейін бірі жыпылықтайтын жарық диодтары
(процесс) тікелей зарядталатын қуатты көрсетеді.
Жарық диодты күй индикаторы аккумулятор (1) үшін
зарядтау процесінің барысында және соңында
қолданылады.
Жарық диодты күй индикаторы
Бірінші жарық диоды үздіксіз
жанып тұрады.
Бірінші екі жарық диоды үздіксіз
жанып тұрады.
Бірінші үш жарық диоды үздіксіз
жанып тұрады.
Бірінші төрт жарық диоды үздіксіз
жанып тұрады.
Бес жарық диоды үздіксіз жанып
тұрады.
Нұсқау: Жылдам зарядтау әдісін орындау тек
аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау
1 609 92A 5KP | (17.08.2020)
температурасы аймағында болғанда ғана мүмкін болады,
"Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
Зарядтау науасының (2) күту режимінде қатысты
аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы (4)
бірінші жарық диоды жасыл түспен үздіксіз жанып
тұрады.
Қызыл түспен жанатын температура/қате
индикаторы (5)
Үздіксіз жарық
"Техникалық сипаттамалар" бөлімін қараңыз. Рұқсат
етілген температура аймағы жетілгенде зарядтау әдісі
басталады.
Жыпылықтайтын жарық
алты шам зарядтағыш құрылғының ақаулығын көрсетеді.
Ақаулар - Себептері және шешімдері
Себебі
Қызыл түсті температураны бақылау/қате
индикаторы (5) жыпылықтайды (зарядтау
науасында әркез бір рет)
Зарядтау мүмкін емес
Аккумулятор (дұрыс)
енгізілмеген
Аккумулятор мен
зарядтағыш контактілер
ластанған
Аккумулятор бұзылған
Аккумулятор
қуаты, шам.
Алты қызыл түсті температураны бақылау/қате
индикаторы (5) бір уақытта жыпылықтайды
≥ 20 %
Зарядтағыш құрылғыда ішкі
қате анықталды
≥ 40 %
≥ 60 %
≥ 80 %
> 95 %
Қызыл түсті қателік индикаторының үздіксіз
жануы аккумулятор температурасының
рұқсат етілген зарядтау температурасы
аймағынан тыс екендігін білдіреді,
Қызыл түсті жыпылықтайтын шам бұл
зарядтау науасындағы аккумулятордың
ақаулығын көрсетеді.
Бір уақытта қызыл түспен жыпылықтайтын
Шешімі
Аккумуляторды
зарядтағыш құрылғыға
дұрыс енгізу
Аккумулятор мен
зарядтағыш контактілерін
тазалау; мысалы,
аккумуляторды бірнеше
рет зарядтау науасына
енгізіп шығару арқылы,
қажет болса,
аккумуляторды алмастыру
Аккумуляторды алмастыру
Барлық
аккумуляторлардың
толықтай салынғанына көз
жеткізу, желілік ашаны
суырып шығару және қайта
салу. Қате қайтадан орын
алса, қажет болса,
зарядтағыш құрылғыны
Bosch электр
құралдарының өкілетті
қызмет көрсету
орталығында тексерту
Bosch Power Tools