OBJ_BUCH-3039-002.book Page 101 Tuesday, May 16, 2017 9:52 AM
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Тербелуді реттеу
Төрт басқышты тербелу аралау жылдамдығын, аралау
өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға
лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеуші тұтқышпен 7 пайдалану кезіндегі тербелісті
реттеуге болады.
O
тербелусіз
I
жай тербелу
II
орташа тербелу
III қатты тербелу
Әрбір пайдаланудағы оптималды тербелу басқышын
тәжірібемен білу мүмкін. Онда төмендегі ұсыныстарға
назар аударыңыз:
– Аралау шеті нәзік немесе таза болуы қажет болса, жай
тербелу басқышын реттеңіз немесе тербелуді өшіріңіз.
– Жіңішке заттарды (қаңылтыр) өңдеуде тербелуді
өшіріңіз.
– Қатты заттарды (болат) жай тербелумен өңдеңіз.
– Жұмсақ материалдарды және ағашты талшығымен
аралауда максималды тербелуді пайдалану керек.
Бағыт бұрышын реттеу (C суретін қараңыз)
Тірек тақтасын 6 қисық аралауда 45° шейін оңға немесе
солға қисайту мүмкін.
15 бұрандасын ішкі алты қырлы кілтпен 4 босатып, тіреу
тақтасын 6 аралау полотносы 10 бағытында аздап
жылжытыңыз.
Дәл қисаю бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасында оң жән
сол жағында 0° мен 45° бұрыштарында тірелу нүктелері
бар. Тіреу тақтасын 6 шкалаға 16 сай керекті күйге
қисайтыңыз. Басқа қисаю бұрыштарын бұрыш өлшегіші
арқылы реттеу мүмкін.
Сосын тіреу тақтасын 6 тірелгенше желі кабелі бағытында
жылжытыңыз.
Бұрандалы шегені 15 қайта бұрап қойыңыз.
Жарылудан сақтайтын пластина 14 қисық аралауда
орнатылуы мүмкін емес.
Жүріс санын басқару/таңдау
Жүрістер санын таңдайтын реттеуші 3 арқылы қажетті
жүрістер санын пайдалану кезінде да реттеу мүмкін.
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.
Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса, алю-
минийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан дұрыс.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану
оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып
тастап электр құралын аз суыту үшін оны шамамен 3 минут
максималды жүрістер санында істетіңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәлі-
меттеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгі-
ленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 2 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті 2 бекіту үшін бекіту пернесін
1 оңға немесе солға басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті жіберіңіз 2.
Қосқыш/өшіргіш 2 тірелген соң, әуелі оны басып сосын
жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Кіші және жұқа дайындамаларды өңдеу кезінде
әрдайым қозғалмайтын төсем немесе аралау
құрылғысын (жабдық) пайдаланыңыз.
Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдарында т.б. ине, бұранда
т.б. сияқты бөгде денелерді алып тастаңыз.
Қол арасы (D суретін қараңыз)
Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон т.б. сияқты
жұмсақ материалдарды өңдеуге болады! Қол
арасымен метал заттарын өңдемеңіз!
Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.
Қол арасымен аралауды тек 0° бұрышында орындау
қажет.
Электр құралын тіреу тақтасының 6 алғы шетімен
дайындамаға салып ара полотносын 10 дайындамаға
тигізбей электр құралды қосыңыз. Жүрісі басқарылатын
электр құралдарында максималды жүріс санын таңдаңыз.
Электр құралын дайындамаға басып ара полотносын
ақырын кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы 6 толық бетімен дайындамада жатқанда
қажетті аралау сызығымен аралаңыз.
Дөңгелекті аралау құрылғысы бар бағыттаушы
тақтайша (керек-жарақтар)
Дөңгелекті аралау құрылғысы бар бағыттаушы тақтайшада
19 (жабдықтар) істеу үшін дайындама қалындығы
максималды 30 мм болуы қажет.
Қатар аралау (E суретін қараңыз): Бекіту бұрандасын 18
босатып бағыттаушы тақтайша шкаласын тіреу тақтасының
бағыттауышында 17 жылжытыңыз. Қажетті аралау енін
тіреу тақтасының ішкі шетінде шкала көлемі нетінде
реттеңіз. Бекіту бұрандасын 18 бұрап бекітіңіз.
Дөңгелекті кесік (F суретін қараңыз): Орнату бұрандасын
18 бағыттайтын планканың басқа жағына орнатыңыз.
Бағыттайтын планканың шкаласын тіреу тақтасының
бағыттауышына 17 жылжытыңыз. Дайындаманың
араланатын кесігінің ортасында тесік бұрғылаңыз. Ортаға
дәлдеу ұшын 20 бағыттайтын планканың ішкі тесігінен
бұрғыланған тесікке салыңыз. Радиусты шкала мәні
ретінде тіреу тақтасының ішкі қырына салыңыз. Орнату
бұрандасын 18 бекітіңіз.
Қaзақша | 101
1 609 92A 3BD | (16.5.17)