Кедергілер Болғанда Көмек Алу - Kärcher FC 5 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para FC 5:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 46
Тазалағыш жəне күтімге арналған заттар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жарамсыз тазалағыш жəне күтімге арналған
заттарды қолдану бұйымға зақым келтіруі жəне
кепілдік күшінің жойылуына апарып соғуы мүмкін.
Нұсқау
Қажетінше еденді тазалау үшін KÄRCHER
тазалағыш немесе күтімге арналған заттарын
қолданыңыз.
 Тазалағыш жəне күтімге арналған заттарды
мөлшерлеген кезде, өндірушінің мөлшер
бойынша нұсқауларын орындаңыз.
 Көбіктің пайда болуын болдырмау үшін, таза су
багын алдымен сумен, ал содан кейін
тазалағыш жəне күтімге арналған затпен
толтырыңыз.
 Таза су багының "MAX" толтыру көлемінен
асырмау үшін, су құйған кезде тазалағыш жəне
күтімге арналған заттың мөлшері үшін орын
қалдырыңыз.
Кедергілер болғанда көмек алу
Кемшіліктердің себебін астыда көрсетілген тізімге
сəйкес Өзіңіз жоя алуыңыз мүмкін. Күдікті
жағдайларда немесе осында аталған емес себебі
жағдайларда Қызмет Көрсету бөлімінің арнайы
мамандарымен хабарласыңыз.
Таза сумен біліктерді ылғалдау жоқ
Сүзгіш элемент салынбаған.
Сурет
 Таза су багын алып тастап, сүзгіш элементті
өзекпен жоғары қарай орнатыңыз.
Сүзгіш элемент жоғарғы жағымен төмен
орнатылады.
 Сүзгіш элементті алып тастап, өзекпен жоғары
қарай орнатыңыз.
Бұйым кірді кетірмейді
Су багында су жоқ.
 Суды толтырып құйыңыз.
Таза су багы бұйымға дұрыс орнатылмаған.
 Таза су багын бұйымда берік орнатылатындай
етіп салыңыз.
Тазалағыш білікшелер жоқ немесе дұрыс
орнатылмаған.
Сурет
 Тазалағыш білікшелерді салып қойыңыз да,
тазалағыш білікшелерді тірелгенше білікше
бекіткішіне бұрап бекітіңіз.
Тазалағыш білікшелер ластанған немесе тозған.
 Тазалағыш білікшелерді тазалап шығыңыз.
немесе
 Тазалағыш білікшелерді ауыстырыңыз.
Білікшелер айналмайды
Білікшелер бұғатталған.
Сурет
 Білікшелерді шығарып алыңыз да, бөгде зат
немесе желілік кабель білікшелерде қысылып
қалғанын тексеріп шығыңыз.
Іске қосу кезінде қатты сатыр естіледі
Білікшелер тым құрғақ.
 Білікшелерді дымқылдандырыңыз немесе
құрылғыны 200 мл сумен тұрақ күйінде
дымқылдандырыңыз.
Сорғыш бастиекте салдырлайтын шуыл
Сорғыш бастиекке бөліктер (мысалы, тастар немесе
сынықтар) түсті.
Сурет
 Сорғыш бастиек қақпағын алып, сорғыш
бастиекті тазалаңыз.
"Сорғыш бастиекті тазалау" тарауын қараңыз.
Сору күші төмендеді
Сору каналдары жəне сорғыш бастиектің қуыстары
бітеліп қалды.
Сурет
 Сорғыш бастиек қақпағын алып, сорғыш
бастиекті тазалаңыз.
"Сорғыш бастиекті тазалау" тарауын қараңыз.
Бұйымнан кір су шығып кетті
Кір су багы шамадан артық толтырылған.
Сурет
-
Сурет
 Кір су багын бірден босатыңыз.
"Кір су багын тазалау" тарауын қараңыз.
Кір су багы бұйымға дұрыс орнатылмаған.
 Қақпақтың кір су багына берік орнатылғанын
тексеріңіз.
"Кір су багын тазалау" тарауын қараңыз.
Айырғыш бітеліп қалды.
 Кір су багынан қақпақты алып тастаңыз жəне
айырғышты тазалаңыз.
"Кір су багын тазалау" тарауын қараңыз.
Тазалау кезінде лас суға арналған бак сепараторы
сүзгісінің торы зақымдалды.
 Сепараторды ауыстырыңыз.
Бұйым өз артынан іздер қалдырады
Тазалағыш жəне күтімге арналған зат бұйым үшін
жарамайды немесе қате мөлшерленген.
 Өндірушімен ұсынылған тазалағыш жəне
күтімге арналған затты қолданыңыз.
"Тазалағыш жəне күтімге арналған заттар"
тарауын қараңыз.
 Өндірушінің мөлшерлеу бойынша нұсқауларын
орындаңыз.
Білікшелерді алғаш рет дымқылдандыру
орындалмаған немесе қысқа мерзімде орындалды
жəне сондықтан білікшелер толығымен
дымқылдандырылмаған (білікшелерді тазалау
ішінара ғана орындалды).
Сурет
 Білікшелерді толығымен дымқылдандырыңыз.
Тұтқаны негізгі құрылғыдан шығарып алу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тұтқаны орнатқан соң негізгі құрылғыдан
шығарып алуға болмайды.
Құрылғыны сервистік қызмет көрсету
мақсатымен жіберген кезде ғана тұтқаны негізгі
құрылғыдан шығарып алуға болады.
Сурет
Пайдалану нұсқаулығының соңындағы суретті
қараңыз
 Бұрауышты 90 градустық бұрышпен тұтқаның
артқы жағындағы шағын саңылауға енгізіп,
тұтқаны шығарып алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Негізгі құрылғы мен тұтқа арасындағы байланыс
кабелінің зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
– 12
KK
естіледі
229

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Fc 5 premium

Tabla de contenido