Тағайындалу Бойынша Қолдану - Bosch HWS Serie Manual Original

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 33
OBJ_BUCH-2482-003.book Page 178 Friday, December 9, 2016 12:33 PM
178 | Қaзақша
орындамаңыз. Кесу шеңберіне артық жүктеме түсіру
оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және
осылайша кері соққының немесе абразивті құралдың
сынуы мүмкіндігін арттырады.
 Кесу шеңбері сыналанса немесе жұмыс үзілісінде
электр құралды өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша
қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді
кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз,
бұл кері соққыға әкелуі мүмкін. Сыналану себебін
анықтаңыз және жойыыңыз.
 Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр
құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай
тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге
мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы,
дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі
мүмкін.
 Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу
керек.
 Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді
орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін
кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр
сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Дайындаманы қысқышпен немесе басқа жолмен
тұрақты тіреуіште бекітіңіз. Егер дайындаманы тек
қолмен немесе денеге басып ұстасаңыз ол тұрақты
болмай бақылау жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Құлақты қорғау құралдарын, қорғаныш
көзілдірікті, шаңтұтқыш пен қолғаптарды киіңіз.
Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде
бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты
пайдаланыңыз.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
1 609 92A 36N | (9.12.16)
 Электр құралын тиісті тәртіппен жерге қосылған тоқ
желісіне қосыңыз. Розетка мен ұзартқышта жұмыс
істейтін қорғайтын сым болуы қажет.
Жоғары жиілік аспаптарды энергиямен
жабдықтау үшін қауіпсіздік нұсқаулары
 Қауіпсіздік пен жұмыс нұсқаулары жиілік
түрлендіргіші үшін мұқият ескеріңіз! Ол туралы
қосымша мәліметтерді жиілік түрлендіргішінің
өндірушісінен аласыз.
 Жиілік түрлендіргішін қате авариялық тоқ
қорғауышымен қауіпсіздендіру керек, егер
адамдарды арнайы ретте қорғау керек болған
қоршауда жұмыс істесеңіз. Адамдардың арнайы
қорғанысы, мысалы, ылғалды бөлмелерде немесе тоқ
өткізетін шаңдар жасалуы мүмкін заттектермен жұмыс
істеуде керек болады. Авариялық тоқ қорғауышын
орнатпау тоқ соғуына, өрт қауіпіне немесе қатты
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Авариялық тоқ қорғауышын тек мамандан арқылы
тоқпен жабдықтау желісіне орнату мүмкін. Осылай
кедергісіз жұмысты қаматмасыз ету мүмкін.
 Жиілік түрлендіргішінің шығыс кернеуі мен жиілігі
жоғары жиілікті электр құралының зауыттық
тақтайшасындағы деректермен сай болуы керек.
 Электр құралын тек сай штекермен пайдалану
қажет. CEE штекері электр құралына керекті атаулы тоқ
үшін ("Техникалық мәліметтер" қараңыз) жарамды
болуы керек.
 Штекер орнату және энергиямен жабдықтау
желісіне қосуды маман орындауы керек, ол маман
жоңары жиілік апап және жабдықтармен істеуге
үйренген болуы керек.
 Тек қана түпнұсқалық кабельді пайдаланыңыз!
Әрбір пайдаланудан алдын электр құралын,
кабельді және айырды зақымдануларға тексеріңіз.
Кабель мен штекерді жөндеу мүмкін емес, қауіптердің
алдын алу үшін оларды алмастыру қажет.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал метал мен тастық заттектерді су пайдаланбай
кесуга арналған.
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін кесуге
арналған арнайы қорғағыш қаптаманы пайдалану керек.
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз
етіңіз.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido