Пайдалануға Ендіру - Bosch GBH 36 V-LI Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GBH 36 V-LI Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 30
OBJ_BUCH-3033-001.book Page 162 Friday, September 30, 2016 11:26 AM
162 | Қaзақша
GDE 16 Plus-пен (керек-жарақтар)
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсору үшін GDE 16 Plus (керек-жабдық) қажет болады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
– Реверсивті ауыстырып-қосқыш 8 орташа қуатқа реттеп
электр құралын кездейсоқ қосылуынан сақтайсыз.
– Зарядталған аккумуляторды 17 алдынан электр
құралының тұтқасына салыңыз. Аккумуляторды қызыл
сызық көрінбегенше, аккумулятор бекітілгенше толық
тұтқаға салыңыз.
Пайдалану түрін орнату
Қағуды/айналуды тоқтату қосқышымен 11 электр
құралының пайдалану түрін таңдаңыз.
Ескертпе: Пайдалану түрін тек электр құралын өшіріп
өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралын зақымдау мүмкін.
– Пайдалану түрін өзгерту үшін босату түймешесін 10
басып, қағуды/айналуды тоқтату қосқышын 11 керекті
күйіне дыбыспен тірелгенше бұраңыз.
Бетон немесе тасты перфораторлық
бұрғылау күйі
Ағаш, метал, керамика және пластмассаны
қағусыз бұрғылау және бұранда қою күйі
1 609 92A 2CT | (30.9.16)
Vario-Lock күйі кескіш күйін өзгерту үшін
Бүл күйде қағуды/айналуды тоқтату
қосқышы 11 тірелмейді.
Күйін Оюға
Айналу бағытын орнату (L суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 8 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 9 басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: реверсивті ауыстырып-қосқышты 8
тірелгенше сол бағытта басыңыз.
Оңға айналу: реверсивті ауыстырып-қосқышты 8
тірелгенше оң бағытта басыңыз.
Перфораторлық бұрғылау, бұрғылау және ою үшін айналу
бағытын әрдайым оңға реттеңіз.
Қосу/өшіру
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті басыңыз
9.
Электр құралын алғашқы рет қосу кезінде аз бөгелу болуы
мүмкін, себебі электр құралының электроникасы өзін
конфигурациялауы қажет.
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 9 жіберіңіз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Қосқышты/өшіргішті 9 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын
біртіндеп реттеуге болады.
Қосқыш/өшіргішке 9 жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Қорғауыш жалғастырғыш
 Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында
пайда болатын күштер себебінен электр құралын
екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
 Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Температураны бақылау индикаторы
Температураны бақылау индикаторының 14 қызыл жарық
диоды электр құралының аккумуляторы немесе
электроникасы (аккумулятор салынған күйде) оптималды
температура аймағында болмауын білдіреді. Бұл
жағдайда электр құралы жұмыс істемейді немесе толық
қуатпен жұмыс істемейді.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gbh 36 vf-li professionalProfessional gbh 36 v-liProfessional gbh 36 vf-li

Tabla de contenido