Descargar Imprimir esta página

BD Veritor Manual Del Usuario página 60

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 40
B Veritor жүйесінің оқу құралы
Оқу құралының пайдалану нұсқаулығы
ҚОЛДАНУ МАҚСАТЫ
BD Veritor жүйесінің оқу құралы BD Veritor жүйесінің сынақ жинағы
құрылғыларымен қолдануға арналған.
ҚЫСҚА СИПАТТАМАСЫ МЕН ТҮСІНІКТЕМЕСІ
BD Veritor жүйесінің оқу құралы — BD Veritor жүйесінің бөлігі болып
табылатын рефлектометриялық оқу құралы. BD Veritor жүйесінің оқу құралы
BD Veritor жүйесінің сынақ жинағы құрылғысының енгізілгенін анықтап,
талдау түрін анықтау үшін құрылғының штрих-кодын оқиды. Ол талдау түрін
тіркегеннен кейін, оқығыш құрылғының оқу терезесін жандырып, бақылау және
талдау сызықтарының қарқынын өлшейді. Талдаудың операторлық көрнекі
оқылымдарында оқу құралының сезгіштігі мен объективтілігі болмайды,
сондықтан BD Veritor жүйесінің сынақ жинағы құрылғыларының операторлық
көрнекі оқылымы BD Veritor жүйесінің бөлігі болып табылмайды.
ПРОЦЕДУРАНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
BD Veritor жүйесінің оқу құралы талдау сынақ жолағындағы сызық сигналының
қарқындарын бағалау үшін шағылдыру қабілетіне негізделген әдісті және қандай
да бір мақсатты аналитт(ерд)ің бар-жоғын анықтау үшін нақты бір алгоритмді
қолданатын оптоэлектрондық құрал болып табылады.
Оқу құралы кеңістікте анықталатын сынақ мен бақылау сызығы орындарының
әрқайсысында сызық қарқынын анықтап, ұпай беру алгоритмі арқылы
нәтижелерді түсіндіреді және алдын ала белгіленген төменгі мәндердің негізінде
оң, теріс немесе жарамсыз нәтижені хабарлайды. Құралдағы сұйық кристалды
дисплей (LCD) операторға күй мен нәтижелерді хабарлайды. Оқу құралы сынақ
құрылғысындағы талдауға тән штрих-кодты оқу арқылы түрлі талдаулардың
пайдаланылуын қолдайды.
Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді және бір ғана түйме (қуат
қосқышы) дизайнымен конфигурацияланады.
ОҚУ ҚҰРАЛЫ МЕРЗІМІНІҢ БІТУІ
Оқу құралын пайдаланушы конфигурациялай алмайды және, бірінші орын
алуына қарай, орындалатын сынақтардың саны, түпкі пайдаланушының алғашқы
пайдаланған күнінен бастап өткен күндер саны немесе өндірілген күнінен бастап
ең ұзақ сақтау мерзімі бойынша қызмет мерзімі шектеулі.
Орындалатын сынақтар саны = ең көбі 3000 сынақ.
Түпкі пайдаланушы алғаш пайдаланғаннан кейінгі айлар саны = ең азы
22 айдан (670 күннен) ең көбі 24 айға (730 күнге) дейін.
Өндірілгеннен күннен кейінгі ең ұзақ сақтау мерзімі (пайдаланылғанына
қарамастан) = 34 ай (1034 күн).
60
Қазақ

Publicidad

loading