Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішінде тағам болмаса іске
қоспаңыз.
Таймерді 5 минуттан аз уақытқа қою
үшін, əуелі таймерді 5 минуттан артық
уақытқа қойып, содан кейін тетікті қалаған
уақытқа қойыңыз.
Құрылғыны пайдалануға қатысты
жалпылама ақпарат
Жалпы:
• Құрылғыны сөндіргеннен кейін, тағамды
бірнеше минут қоя тұрыңыз.
• Алюминий қағаздан жасалған орамды,
темір сауыттарды т.с.с. тағам дайындар
алдында алыңыз.
Пісіру:
• Егер мүмкін болса, тағамды
микротолқынға сай келетін материалмен
жауып пісіріңіз. Тағамды қытырлақ етіп
пісіргіңіз келсе, қақпақ жаппай пісіріңіз
• Қуат жəне уақыт параметрлерін тым
жоғары мəнге қойып, тағамды қатты
пісіріп жібермеңіз. Тағам кеуіп, күйіп кетуі
немесе оның кей жерлері жанып кетуі
мүмкін.
• Құрылғыны жұмыртқаны немесе
шырышты қабықтарымен пісіру үшін
пайдаланбаңыз, себебі жарылып кетуі
мүмкін. Жұмыртқаны қуыру үшін əуелі
сарысын тесіп алыңыз.
• "Терісі" немесе "қабығы" бар картоп,
қызанақ, шұжық тəрізді тағамдарды,
жарылып кетпес үшін бірнеше рет
шанышқымен тесіп қойыңыз.
• Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ пісіру
уақытын орнатыңыз.
• Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
• Сəбіз, бұршақ немесе орамжапырақ
тəрізді тығыз тағамдарды суға салып
пісіру керек.
• Үлкен кесектерді пісіру уақытының
жартысы өткенде аударыстырыңыз.
16
• Егер мүмкін болса, көкөністерді
кішкенелеп тураңыз.
• Жалпақ, кең ыдыстарды қолданыңыз.
• Фарфор, керамика немесе балшықтан
жасалған мысалы, сабында кішкене тесігі
бар немесе түбі безендірілмеген
ыдыстарды қолданбаңыз. Осы тесікке
енетін ылғал қызған ыдысты жарып
жіберуі мүмкін.
• Шыны пісіру науасы тағам мен
сусындарды қыздыруға арналған. Бұл
микротолқынды пештің жұмысы үшін
қажет.
Етті, құстың етін, балықты жібіту:
• Мұздатылған, оралмаған тағамды
ыдыстың үстіне төңкерілген кішкене
табаққа қойыңыз, сонда жібіген сөлі
ыдысқа жиналады.
• Тағамды жібіту уақытының жартысы
өткенде аударыңыз. Егер мүмкін болса,
жіби бастаған бөліктерін бөліңіз де, алып
қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін,
кваркты жібіту:
• Тағамды құрылғының ішінде əбден
жібітпеңіз, бөлме температурасында
жібітіңіз. Сонда барынша біркелкі жібиді.
Жібіту алдында темір немесе алюминий
орамдарының барлығын алыңыз.
Жеміс-көкөністерді жібіту:
• Пісірмей дайындалатын жемістер мен
көкөністерді құрылғыда əбден жібітпеңіз.
Бөлме температурасында жібітіңіз.
• Жемістер мен көкөністерді алдын ала
жібітпей пісіру үшін жоғарырақ
микротолқын қуатын пайдалануға
болады.
Дайын тағамдар:
• Дайын тағамдардың орамдары
микротолқынды пеште пайдалануға
жараса ғана, құрылғыда дайындауға
болады.
• Орам материалында көрсетілген
өндіруші нұсқауларын (мысалы, темір
www.zanussi.com