7 Ылғалдандыру
сүзгісін ауыстыру
Оңтайлы өнімділік үшін ылғалдандыру сүзгісін
6 ай сайын ауыстырыңыз. Егер сүзгі жақсы
күйде болса, оны ұзағырақ уақыт пайдалана
аласыз. Ылғалдандыру сүзгісін кемінде
жылына бір рет ауыстырыңыз.
Есте сақтаңыз
•
Тек FY2401 Phillips түпнұсқа ылғалдандыру
сүзгісін пайдаланыңыз.
Кеңес
•
Сүзгіні ауыстыру туралы қосымша ақпарат алу
үшін өнімді www.philips.com сайтына тіркеу
қажет.
1
Ылғалдандырғышты өшіріп, қуат көзінен
ажыратыңыз (сур. j).
2
Жоғарғы бөлікті екі жағынан ұстап,
жоғары көтеріңіз (сур. b).
3
Су ыдысынан ылғалдандыру сүзгісі мен
сүзгі тірегін шығарып тастаңыз (сур. k).
4
Сүзгі тірегінен ылғалдандыру сүзгісін
алып тастаңыз. Пайдаланылған сүзгіні
тастаңыз (сур. o).
5
Жаңа ылғалдандыру сүзгісіндегі орауыш
материалдарын алып тастаңыз (сур. c).
6
Жаңа ылғалдандыру сүзгісін сүзгі тірегіне
орнатыңыз (сур. d ).
7
Сүзгіні және сүзгі тірегін су ыдысына
қайта қойыңыз (сур. e).
8
Жоғарғы бөлікті су ыдысына қайта
қойыңыз (сур. g).
Кеңес
•
Сүзгіні ауыстыру туралы толық ақпаратты веб-
сайтқа кіру арқылы немесе тұтынушыларды
қолдау орталығына қоңырау шалу арқылы
алуға болады.
KK
129