OBJ_BUCH-2149-003.book Page 111 Wednesday, October 12, 2016 12:52 PM
Бетон
"Бетон" жұмыс түрі болаттық бетон үшін
жарамды болады. Арматуралық темір, метал
құбырлар, сумен толтырылған пластик
құбырлар және электр сымдар мен кабель
көрсетіледі. Максималды өлшеу тереңдігі
12 см болады.
Гипсокартон
"Гипсокарто" жұмыс түрі ағаш балкаларын,
метал таяқтарын және метал сымдары мен
кабельдерді гипсокартон қабырғаларда (ағаш,
гипсокартон т.б.) табуға арналған. Сумен
толтырылған пластик құбырлар да көрсетледі. Боса
пластик құбырлар әдетте айқындалмайды. Максималды
өлшеу тереңдігі 6 см болады.
Өлшеу әдісі
Нысандар жайын айқындау
Өлшеу құралын зерттелетін бетке қойыңыз.
Егер орнату кезінде өлшеу құралының астында нысан
тұрса, сигнал күші жетерлік болғанда жарық диод 2 қызыл
түсте жанып, өлшеу көрсеткіші h жыпылықтап сигнал
дыбысы шалады.
Егер өлшеу құралы орнатылғанда нысан айқындалмаса,
дисплейде j
әдісі көрсеткісі жанып жарық диод 2
сары түсте жанады. Өлшеу құралын беттің үстінде
көтермей j әрекетінің индикаторы жойылғанша
жылжытыңыз. Сосын жарық диод 2 өлшеу құралы нысан
айқындамаған жайларда жасыл жанады.
Егер өлшеу құралы нысанға жақындаса, өлшеу
көрсеткішінің h жыпылықтауы жылдамдап жарық диод 2
қызыл түсте жанады. Өлшеу құралы нысаннан
алыстағанда сызық қысқарады.
Кіші немесе терең жатқан нысандарда жарық диод 2 сары
түсте жанып, сигнал дыбысы шықпайды.
Нысан ортасын анықтау
Егер нысан айқындалса жарық диод 2 қызыл түсте жанып
сигнал күші жетерлік болғанда бағыттау бағыттамалары k
нысан ортасын анықтау үшін көрсетіледі. Нысан ортасын
дәл анықтау үшін өлшеу құралын бағытталу көрсеткілері k
бағытында жылжытыңыз. Бағытталу көрсеткілері
көрсетілмесе да нысан жақын орналасқан болуы мүмкін.
Нысанның ортасы жоғарысында өлшеу көрсеткіші h
максималдық ретте жыпылықтайды, жарық диод 2 қызыл
түсте жанып сигнал күші жетерлік болғанда орталық
қиылыс i көрсетіледі. Нысан ортасын дәл анықтау үшін
сигнал күші жетерлік болғанда нысан ортасына жақын
тұрғанда орталық қиылысқа i қосымша көрсетілетін
квадратқа назар аударыңыз.
Табандағы кең нысандарды өлшеу индикаторындағы h
үздіксіз жоғары амплитуда арқылы айқындау мүмкін.
Жарық диод 2 қызыл түсте жанады.
Әрдайым өлшеу құралының (жарық диод, өлшеу
индикаторы, бағытталу көрсеткілері) барлық
сигналдарына назар аударыңыз.
Bosch Power Tools
Қабырғаны бұрғылау, аралау немесе фрезамен өңдеуден
алдын басқа ақпарат көздері арқылы қауіптерден сақта-
нуыңыз қажет. Өлшеу нәтижелеріне қоршау әсерлері
немесе қабырға сипаты әсер етуі мүмкін екендігінен бұл
қауіп индикатор нысанды сенсор аймағында көрсетпесе
да бар болады (сигнал дыбысы шықпай жарық диод 2
жасыл түсте жанады).
Тоқ кабелі
Егер тоқ өткізетін сым табылса, онда дисплейде 3
қосымша a
көрсеткіші пайда болады. Жарық диод 2
қызыл түсте жанып сигналдық дыбыс жылдам реттілікпен
дыбыс шығарады.
Нұсқаулар:
тоқ өткізетін сымдар әр жұмыс түрінде көрсетіледі.
Тоқ өткізетін сымдар электр заттарына (мысалы электр
шамы, аспаптар) ізделген сымға біріктіріліп қосылғаннан
соң оңай табылады.
Кей жағдайларда (мысалы, метал беттер артында
немесе ылғалды көп сіңіретін беттер артында) тоқ
өткізетін сымдар сенімді табылмайды. Тоқ өткізетін
сымдың сигнал күші кабель күйіне байланысты. Сол үшін
жақын қоршауда басқа өлшеулер арқылы немесе басқа
ақпарат көзері арқылы тоқ өткізетін сымдар барлығын
текеріңіз.
Статикалық электр сымдар дәл болмаған күйде, мысалы
үлкен аймақта көрсетілуіне немесе көрсетілмеуіне алып
келуі мүмкін. Көрсеткішті жақсарту үшін бос қолыңызды
өлшеу құралының қасында жалпақ етіп қабырғаға қойып
статикалық электрді жойыңыз.
Өлшеу құралын тек арнаулы ұстау аймағынан 10
ұстап, өлшеуге әсер етпейсіз.
Заттарды белгілеу
Табылған заттарды қажет болса, белгілеуге болады.
Сипатталғандай өлшеңіз. Нысанның ортасын немесе
шеттерін тапқан болсаңыз, онда ізделген жайды жоғарғы
белгілеу көмегінде 1 және төменгі жан белгілеу көмегінде
4 белгілеңіз. Екі нүктені вертикальды мен горизонтальды
сызықпен байланыстырыңыз. Сызықтардың қиылысу
нүктесінде нысан орналасқан болады.
Пайдалану нұсқаулары
Температураны бақылау
Ескертпе: Аспап қабырғадан көтерілсе сигнал көрсетілуі
мүмкін.
Температура бақылау индикаторы e жанса өлшеу
құралының аккумуляторы жұмыс температурасынан тыс
немесе температуралар қатты өзгеріп жатыр.
Аккумуляторды алмастырыңыз немесе ол жұмыс
температурасына қайта жеткенше күте тұрыңыз.
Ескерту функциясы
Егер дисплейде 3 f мен g көрсеткілері жанса, өлшеу
құралын өкілетті қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.
Өлшеу құралын істетіп болмайды.
Қaзақша | 111
1 609 92A 212 | (12.10.16)