ЖҰМЫСЫ
Асханада түтін мен иіс қарқындығы жоғары болған кезде жоғары жылдамдықты қосыңыз. Ауа сорғыны дайындауды
бастар алдында 5 минут қосу, дайындау барысында оны қосылған күйде қалдыру және дайындау аяқталғаннан кейін
шамамен 15 минут өшірмеу ұсынылады.
Ауа сорғысындағы жарықты сөндіру:
А батырмасын басыңыз.
Ауа сорғыны қосу немесе егер ауа сорғы қосылмаған болса, жұмыс жылдамдығын өзгерту:
жұмыстың бірінші, екінші немесе үшінші жылдамдығының С батырмасын басыңыз.
Сорғыны сөндіру:
В батырмасын басыңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тазалауды және басқа да кез келген жұмыстарды бастамас бұрын аспаптың
байланыстыру кабелінің электр қорегінен ажыратылғанына немесе жалпы электр желісін өшіргіштің
сөндірілгеніне көз жеткізіп алыңыз.
Егер аспап электр желісіне розетка арқылы жалғанса, одан байланыстыру кабелінің ашасын ажыратыңыз.
Тазалау
Аспаптың ішкі және сыртқы беттерін жүйелі түрде тазалап тұрыңыз (май сүзгілерінен жиі емес). Тазалау үшін
бейтарап сұйық тазалау құралына малынған матаны қолданыңыз. Абразивтік тазалау құралдарын қолдануға
болмайды. СПИРТТІ ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
ЕСКЕРТУ! Аспапты тазалау және сүзгілерді ауыстыру ережелерін орындамау өртке алып келуі мүмкін, сондықтан
берілген нұсқауларды орындау ұсынылады. Өндіруші мотордың ықтимал ақауларына және дұрыс жөндемеу немесе
берілген нұсқауларды орындамау салдарынан болған өртке жауап бермейді.
Сүзгілер
Металл май сүзгісі май бөлшектерін ұстап қалады. Май сүзгісін айына бір рет агрессивті емес жуу құралдарымен
қолмен немесе ыдыс жуу машинасында жылдам бағдарламада төмен температурамен тазалаңыз. Ыдыс жуу
машинасында жуу кезінде сүзгі түсі өзгеруі мүмкін, бірақ бұл сүзгі жұмысына әсер етпейді. Май сүзгісін шығарып алу
үшін оның тұтқасынан төмен тартыңыз.
Қағаз (синтетикалық) май сүзгісін екі айда бір рет немесе егер тор арқылы сүзгі түсі көрінетін болса, жиірек
ауыстырыңыз. Қағаз сүзгі тек бір жағынан боялған және сүзгіні орнату кезінде боялған беті тор арқылы көрініп тұруы
тиіс.
Көмір сүзгісі (қайта айналдыру режимінде жұмыс жасау үшін) дайындау кезінде пайда болатын жағымсыз иістерді
жұтады. Сүзгінің қызмет ету мерзімі мен дәрежесі күн сайын дайындау қарқындығына және май сүзгісін тазалау
жиілігіне байланысты болады. Кез келген жағдайда көмір сүзгісінің картриджін әр төрт ай сайын ауыстыру қажет.
Көмір сүзгісін жууға және өзгертуге БОЛМАЙДЫ.
Шамдарды ауыстыру
Ауа сорғысы оңтайлы жарықтандыруды қамтамасыз ететін, қарапайым шамдармен салыстырғанда 10 есе ұзақ
қызмет ететін және электр энергиясын 90% дейін үнемдейтін жарық диодты шамдармен жабдықталған.
Ауыстыру кезінде тек Е14 цоколы бар жаңа жарық диодты шамдарды ғана қолданыңыз.
Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер
1) Дайындауды бастаған кезде бу мен иіс шығаруды бақылау үшін ауа сорғысын минималды жылдамдықпен
қосыңыз.
2) Жоғары жылдамдықты қажет болған кезде ғана қосыңыз.
3) Булану қарқындылығы артқан кезде ғана ауа сорғысының жұмыс жылдамдығын ұлғайтыңыз.
4) Май буы мен иісті тиімді жою үшін ауа сорғысының сүзгілерін (сүзгісін) жүйелі түрде ауыстырып тұрыңыз.
62
Басқару панелі
A —Жарық қосу батырмасы
B — Сөндіру батырмасы
C — Жылдамдық орнату батырмасы