мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға
көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы
Лазер сәулелері
сәулеге қарамаңыз
2-ші лазер класы
Электр құралы айналып тұрғанда
аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара
дискісіне тиген жағдайда жарақат алуға
болады.
Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл
әсерінен есту қабілетіңіз бұзылуы
мүмкін.
Қауіпті аймақ! Алақан, саусақ
немесе қолды осы аймақтан
мүмкіндігінше алшақ ұстаңыз.
ТІк еңіс бұрыштарын аралау кезінде
реттелетін тіреуіш планканы сыртқа
тарту керек.
Ара дискісінің өлшемдеріне назар
аударыңыз. Тесік диаметрі аралықсыз
аспап шпинделіне сай келуі керек.
Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану
керек болса, жалғастырғыш тетік
өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына
және тесіктерінің диаметріне және
аспап шпинделінің диаметріне сай
келгеніне көз жеткізіңіз. Ара
дискісімен жеткізілген жалғастырғыш
тетіктерді пайдаланыңыз.
Ара дискісінің диаметрі белгідегі мәнге
сәйкес келуі тиіс.
Кесік сызығын лазер сәулесі
қалағаныңызша ара дискісінің сол
немесе оң жағында көрсетілуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы қозғалмайтын тіректе бойлай және
көлденеңінен, ағашты кесудің түзу бағытымен жұмыс
істеуге арналған. Бұл ретте –48° және +48°
аралығындағы көлденең еңіс бұрыштарын және 0° және
45° аралығындағы тік еңіс бұрыштары болуы мүмкін.
Электр құралының қуаты қатты және жұмсақ ағашты
аралауға арналған.
Электр құралы алюминий немесе басқа түрлі-түсті
металдарды аралауға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
Тұтқа
(1)
(2)
Лазер ескерту тақтасы
(3)
Манипуляторды босату тұтқышы
(4)
Қорғаныш қаптама
(5)
Маятниктік қорғаныш қаптама
(6)
Сырғанақ дөңгелек
(7)
Тіреуіш планка
(8)
Аралау үстелі
(9)
Орнату ойықтары
(10)
Ішпек
(11)
Кез келген қисайту бұрышына арналған
бекіткіш тетік (көлденең)
(12)
Аударылудан қорғаныс
(13)
Еңіс бұрышына арналған бұрыш индикаторы
(көлденең)
(14)
Стандартты еңіс бұрышына арналған ойықтар
(көлденең)
(15)
Еңіс бұрышының шкаласы (көлденең)
(16)
Жылжымайтын аралау үстелі ұзартқышына
арналған бекіткіш бұранда
(17)
Аралау үстелінің ұзартқышы (жылжымайтын)
(18)
Жылжыма тіреуіш планка
(19)
Бұрандалы қысқыш
(20)
Лазер блогы/лазер сәулесінің шығысы
(21)
Кез келген еңіс бұрышына арналған қыспа
иінтірек (тік)
(22)
Тасымалдау тұтқасы
Қазақ | 219
1 609 92A 4DT | (06.12.2018)