222 | Қазақ
Жылжымайтын аралау үстелінің ұзартқыштарын
орнату (B суретін қараңыз)
Жылжымайтын аралау үстелі ұзартқыштарын (17) аралау
үстелінің (8) сол және оң жағында электр құралымен
бірге бекіту керек.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (17) бекіткіш
бұрандалармен (16) алға қарай электр құралындағы
қысқыштарға (34) енгізіңіз.
– Бекіткіш бұрандаларды (16) жинақтағы алты қырлы
гайка кілтімен (38) тартып қойыңыз.
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Түпқоймасыз орнату (C суретін қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
жазықтығына бекітіңіз. Бұл ретте саңылаулар (9)
пайдаланылады.
Иілімді орнату (ұсынылмайды!) (D суретін қараңыз)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс
жазықтығында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде
аударылудан қорғанысты орнату керек.
Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты
u
тұрмай, максималдық горизонтальды және/
немесе вертикальды еңіс бұрышындағы аралау
кезінде құлауы мүмкін.
– Аударылудан қорғанысты (12) электр құралы жұмыс
аймағында тура тұрғанша бұраңыз.
PCM 8 ST: түпқоймамен орнату (F1−F6 суреттерін
қараңыз)
– Пластик қалпақты төменгі профильге (F) енгізіңіз.
– Екі бекіткіш бұранданы (g) ұзын төменгі профиль (F)
арқылы, қысқа төменгі профиль (C) арқылы және
қысқа байланыстыру профилі (E) арқылы өткізіңіз.
Бекіткіш бұрандаларды фланецтік гайкалармен (h) бос
күйде бекітіңіз.
– Екінші аяқты (ұзын төменгі профиль (F), қысқа төменгі
профиль (C)) қысқа байланыстыру профилімен (E)
байланыстырыңыз. Бекіткіш бұрандаларды фланецтік
гайкалармен (h) бос күйде бекітіңіз.
– Алдыңғы қадамдардың екеуін де қалған (F),(C),(E)
профильдерімен қайталаңыз.
– Осылайша пайда болған түпқойманың бүйірлік
бөліктерін ұзын байланыстыру профилімен (D)
байланыстырыңыз. Бекіткіш бұрандаларды фланецтік
гайкалармен (h) бекітіңіз.
– Ұзын жоғарғы профильдерді (A) төменгі
профильдерге (C) салып, түпқоймаға мықтап бұрап
бекітіңіз.
– Қысқа жоғарғы профильдерді (B) сыртынан ұзын
жоғарғы профильдерге (A) (саңылауларын жоғары
қаратып) салыңыз да, түпқоймаға мықтап бұрап
бекітіңіз. Екі жоғарғы бөлік саңылауларының сәйкес
келгеніне көз жеткізіңіз.
1 609 92A 4DT | (06.12.2018)
– Түпқойманы (i) қысқа жоғарғы профильдерге (B)
тірелгенше енгізіңіз. Түпқойма мен жоғарғы бөлік
саңылауларының сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
– Бір бекіткіш бұранданы (g) түпқойманың (i) және
жоғарғы профильдің (B) төрт қырлы саңылауы арқылы
өткізіңіз. Бекіткіш бұрандаларды фланецтік
гайкалармен (h) бекітіңіз.
– Барлық фланецтік гайкаларды (h) сақиналы немесе
айырлы кілтпен (12 мм) бұрап бекітіңіз.
– Электр құралын түпқоймаға (i) салыңыз. Электр
құралындағы саңылаулардың (9) түпқойма мен
жоғарғы бөліктің саңылауларына сәйкес келгеніне көз
жеткізіңіз.
– Электр құралын түпқоймаға бекіткіш бұрандалар (j),
астына салатын шайбалар (k) және фланецтік
гайкалар (h) арқылы бұрап бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан
тартып қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жеке шаңсорғыш (E суретін қараңыз)
– Шаң жинағыш қапты (23) жоңқаны шығаруға арналған
келте құбырға (29) енгізіңіз.
Шаң жинағыш қап аралау кезінде жылжымалы құрылғы
бөліктеріне тимеуі тиіс.
Шаң жинағыш қапты дер кезінде босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге (29) шаңсорғыш
шлангын (Ø 35 мм) қосу мүмкін.
– Шаңсорғыш шлангін жоңқа шығатын жерге (29)
қосыңыз.
Bosch Power Tools