6.6
Шаң жинағышы жоқ кір жинағышты (сұйықтықтарды кетіру кезінде) босату
1. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.
2. Сорғыштың жоғарғы бөлігін кір жинағыштан алыңыз және оны тегіс бетке қойыңыз.
3. Ұстағыштарды ұстап, кір жинағышты босату үшін еңкейтіңіз.
4. Кір жинағыштың жиегін шүберекпен тазалаңыз.
5. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.
6.7
Кір суды ағызу
Пайдаланылған суды өңдеу бойынша жергілікті нұсқамаларды ұстаныңыз.
1. Ағызу шлангісінен қақпақты алып тастаңыз.
2. Ағызу шлангісін ұстағыштан шығарып алыңыз.
3. Ағызу шлангісін еденге жайыңыз.
◁ Кір су ағып шығады.
7
Күту және техникалық қызмет көрсету
7.1
Аспапқа күтім көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғудан пайда болатын қауіптер. Электрлік бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттануға апарып
соғуы мүмкін.
▶ Электрлік бөлшектерді жөндеу жұмысын тек электрші маман орындауы тиіс.
▶ Аспапты, әсіресе тұтқыштың беттерін, таза және құрғақ күйде, май мен майлайтын майдың іздерінсіз
сақтаңыз. Құрамында силикон бар тазалау заттарын қолданбаңыз.
▶ Шаңсорғышты бітелген желдету саңылауларымен қолдануға болмайды! Желдету саңылауын жайлап
құрғақ щеткамен тазалаңыз. Аспаптың ішкі бөлігіне бөгде заттардың кіруін болдырмаңыз.
▶ Аспаптың сыртқы жағын сәл суланған шүберекпен жиі тазалаңыз. Тазалау үшін бүріккіш аспаптарды,
бу ағызу аспаптарын немесе ағатын суды қолданбаңыз, себебі аспаптың электрлік қауіпсіздігіне қауіп
төнуі мүмкін.
L және M класты сорғыштар үшін
Күту және тазалау жұмыстарын өткізгенде аспаппен ол техникалық қызметкерлерге және басқа
тұлғаларға қауіп төндірмейтіндей жұмыс істеу керек.
▶ Сүзгілеу бар мәжбүрлі желдетуді қолданыңыз.
▶ Қорғауыш киімді киіңіз.
▶ Жинауды орындағанда жұмыс аймағында зиянды заттардың болмауын қадағалаңыз.
▶ Ішінде зиянды заттар бар бөлмеден аспапты тасымалдау алдында аспап корпусын тазалау, құрғақ
етіп сүрту немесе герметикалық түрде орамалау керек.
таралуына қарсы шараларды қолдану керек.
▶ Күту және жөндеу жұмыстарын орындағанда толығымен тазаланбайтын барлық аспап бөлшектерін
және түйіндерін герметикалық пакеттерге орамалау және күшіндегі қоқыстарды кәдеге жарату
бойынша нормаларға сай кәдеге жарату керек.
▶ Кемінде жылына бір рет аспапта техникалық тексеруді өткізіп, сүзгілерде зақымдар жоқ екенін,
аспаптың герметикалық екенін және оның басқару бөлшектерінің дұрыс жұмыс істейтінін тексеру
керек. Бұл жұмыстарды Hilti сервис орталығы немесе арнайы оқытылған қызметкерлер орындайды.
7.2
Сүзгіні автоматты түрде тазалау
Сүзетін элементті қатты заттарға ұруға я болмаса оны тазалауға арналған қатты немесе үшкір
заттармен өңдеуге тыйым салынады. Мұның салдарынан оның қызмет көрсету мерзімі азаяды.
Сүзетін элементті жоғары қысымды пневматикалық тазалағыш көмегімен тазалауға тыйым
салынады. Бұл сүзетін материалдың зақымдарына әкелуі мүмкін.
Сүзетін элемент тез тозатын бөлшек болып табылады.
▶ Сүзетін элементті кем дегенде алты ай сайын алмастырыңыз.
326
Қазақ
4
Бұл кезде зиянды шаңның бөлмеде
2212334
*2212334*