▶ Сүзетін элементті қолдану жиілігі жоғарырақ болғанда, оны одан да жиі алмастырыңыз.
7.3
Сүзетін элементті орнату/алмастыру
1. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.
2. Сүзгі қақпағының ілмегін ашыңыз.
3. Сүзгі қақпағын ашыңыз.
4. Сүзетін элементті ұстағыштағы ұстайтын жерлерінен ұстап жайлап шығарыңыз.
5. Тығыздағыш бетін шүберекпен тазалаңыз.
6. Жаңа сүзетін элементті салыңыз.
7. Бекіткішті алға жылжытып, сүзгі қақпағын жабыңыз.
8. Сүзгі қақпағының ілмегін жабыңыз.
7.4
Толу деңгейін бақылауды тексеру
1. Сорғыштың берік тұруына жол беру үшін дөңгелек тежегіштерін іске қосыңыз.
2. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.
3. Екі ілмекті де ашыңыз.
4. Сорғыштың жоғарғы бөлігін кір жинағыштан алыңыз және оны тегіс бетке қойыңыз.
5. Өшіретін контакттерде кір жоқ екенін тексеріңіз және қажет болғанда оларды щетка көмегімен
тазалаңыз.
6. Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінің тығыздағышында кір бар-жоғын тексеріңіз және қажет болса оны
шүберекпен тазалаңыз.
7. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.
7.5
Күту және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін бақылау
1. Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін, сорғыштың дұрыс құрастырылғанын
және қатесіз жұмыс істегенін бақылаңыз.
2. Функцияларды сынауды өткізіңіз.
8
Тасымалдау және сақтау
8.1
Тасымалдау
Толтырылған аспапты тасымалдауға тыйым салынады.
Аспапты кранға ілуге болмайды.
▶ Қажет болса, қуатты ауа салқындатқышты немесе бос құралды ұстағыштан алып тастаңыз.
▶ Аспапты басқа орынға тасымалдау алдында оны босату керек.
▶ Сұйықтықтарды
сорғылап
тасымалдамаңыз.
▶ Тасымалдау үшін шлангінің екі ұшын конус тәрізді жалғастырғыш тетік арқылы енгізіңіз.
ҚАУІПТІ
Жарақат алу қаупі. Кіріс фитингісі арқылы қауіпті сорғылау материалы шығуы мүмкін.
▶ M класты сорғыштар үшін тасымалдау және қолданбау кезінде кіріс фитингісін жабатын тығынмен
жабыңыз.
8.2
Сақтау
▶ Сорғышты бөгде тұлғалар қолдану мүмкіндігін болдырмай, құрғақ бөлмеге қойыңыз.
9
Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
*2212334*
5
6
болған
соң
аспапты
2212334
еңкейтпеңіз
немесе
көлденең
күйінде
Қазақ
327