Құлақаспапты пайдалану
Sound with Me арқылы аудиомен бөлісу
Құлақаспапта тыңдап жатқан аудионы Sound with Me мүмкіндігіне қолдау көрсететін басқа
құлақаспаптармен бөлісіңіз.
Аудионы бөліскіңіз келетін гарнитура қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
• Құлақаспапты смартфон немесе планшет сияқты мобильді құрылғыға қосу керек.
Құлақаспап бірден көп мобильді құрылғыға қосылған болса, аудионы басқа
құлақаспаптармен бөлісу мүмкін емес.
• Егер құлақаспаптар аудионы бөліскен уақытта бір-бірінен бес метрден алшақ
жерде болса, сигнал сапасы төмен болуы мүмкін.
• Бөлісу кезінде өшірілсе, екінші құлақаспап құлақаспабыңыздан ажыратылады.
Қайта қосқанда ол аудионы бөлісу алдында қосулы болған мобильді құрылғыға
автоматты түрде қайта қосылады.
• Басқа құлақаспап үшін өнімнің айрықшаламасын қарау және ол Sound with Me
мүмкіндігіне қолдау көрсететіндігіне көз жеткізу мақсатында
сілтемесінен өтіңіз.
Қуат қосқышын пайдалану
Басқа құлақаспапты анықтау үшін, оны тез анықтау мақсатында басқа құлақаспаптың Қуат
қосқышын екі рет жоғары қарай сырғытыңыз.
Содан кейін құлақаспабыңыздың қуат қосқышын жоғары қарай бір рет сырғытыңыз. Сіз
қазіргі уақытта тыңдап жатқан аудио екінші құлақаспаппен бөлісіледі.
Samsung Level қолданбасын пайдалану
Қосылып тұрған мобильді құрылғыда, басқа құлақаспаптармен аудионы бөлісу үшін
Samsung Level қолданбасын іске қосыңыз. Қосымша ақпаратты қолданба анықтамасының
ақпаратынан қараңыз.
Қазақ тілі
14
14
www.samsung.com