KAZ
• Гарнитураны тағар алдында әрдайым өнімде кір мен
бөгде заттардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымдалған
жағдайда, бүтін құлаққапты таңдаңыз немесе шулы
ортадан аулақ болыңыз.
• Құлаққаптар дұрыс орнатылып, реттелген жағдайда
керемет қорғанысты қамтамасыз етеді. Жастықшалар
құлағыңызды толығымен жабуы керек. Дұрыс
орнықтыру үшін бірге берілген нұсқаулықтарды қараңыз.
• Шаштың құлақты немесе құлаққапты қандай да бір
жолмен жауып тұруына жол бермеңіз.
• "Орташа өлшем диапазоны", "кішкентай өлшем
диапазоны" немесе "үлкен өлшем диапазоны" бойынша
EN-352-3 талаптарына сәйкес келеді. "Орташа
өлшемді" құлаққаптар пайдаланушылардың көбіне
үйлеседі. "Кішкентай өлшемді" немесе "үлкен өлшемді"
құлаққаптар "орташа өлшемді" құлаққаптар үйлеспейтін
пайдаланушыларға арналған.
• Имек тұтқаны немесе шлем адаптерін физикалық
түрде өзгертуге, майыстыруға немесе оған тым қатты
күш түсіруге болмайды, өйткені бұл шуылды бәсеңдету
нәтижелеріне және оның дұрыс орналасуына зиян
тигізіп, өнім кепілдігінің күшін жоюы мүмкін.
• Құлаққаптар, әсіресе оның жастықшалары уақыт өте
келе тозуы мүмкін, сондықтан оларда жарықтар мен
саңылаулардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп отыру
керек.
• Жастықшаларға гигиеналық төсемдер қолдану
құлаққаптардың акустикалық қасиеттеріне әсерін тигізуі
мүмкін.
• Өнімді тікелей күн сәулесінде ұзақ уақыт
пайдаланбаңыз. Бұл өнімге зақым келтіруі және күйдіре
алатын жылу шығаруы мүмкін.
• Күн ыстық болғанда өнімді автокөліктің ішінде
пайдалануға немесе сақтауға болмайды. Бұл
батареяның қызуына, жыртылуына немесе жануына
әкелуі мүмкін.
• Егер батареясы белгіленген уақытта зарядталмаса,
оны зарядтауды жалғастырмаңыз. Бұл батареяның
қызуына, жарылуына немесе жануына әкелуі мүмкін.
• Өнімді ашық оттың жанында қалдырмаңыз. Өнімді
отқа тастауға болмайды. Бұл батареяның қызуына,
жарылуына немесе жануына әкеліп, ауыр жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
• Батареяны физикалық түрде зақымдалған
зарядтағышпен зарядтауға болмайды. Бұл жарылысқа
және/немесе апатқа әкелуі мүмкін.
• Бұл өнім IP64 стандартына сәйкес келеді. Дегенмен,
өнімді суға батырумаңыз және оған су тиюіне жол
бермеңіз. Бұл батареяның жарылуына немесе жануына
әкелуі мүмкін.
• Құлаққап деңгейге тәуелді бәсеңдету мүмкіндігіне ие.
Қолданбай тұрып, пайдаланушы оның дұрыс жұмыс
істейтінін тексеруі керек. Егер бұрмалану немесе ақау
анықталса, пайдаланушы техникалық қызмет көрсету
бойынша өндірушіден кеңес сұрауы қажет.
• Батареяны пайдаланған кезде өнімділік
нашарлауы және толық зарядталған күйдегі құлаққап
батареяларының болжалды үздіксіз қызмет ету мерзімі
қысқаруы мүмкін.
• Құлаққап қауіпсіздікке байланысты аудио кіріспен
жабдықталған. Қолданбай тұрып, пайдаланушы оның
дұрыс жұмыс істейтінін тексеруі керек. Егер бұрмалану
немесе ақау анықталса, пайдаланушы техникалық
қызмет көрсету бойынша өндірушіден кеңес сұрауы
қажет.
• Осы есту қабілетін қорғау құралындағы аудио
тізбегінің шығысы шекті әсер ету деңгейінен асып кетуі
мүмкін.
• Құлаққапты жұмыс орнында тақпай тұрып, қоршаған
ортаны тыңдау функциясы қалыпты жұмыс істеп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Радио немесе Bluetooth байланысында дыбысты
максималды деңгейге көтермеңіз, өйткені бұл сырттан
маңызды сигналдарды есту ықтималдығын азайтуы
мүмкін. Сондай-ақ бұл шуылды тым қатты басу
сипаттамаларына ие болатын қорғанысты қажет
етпейтін ортада қолдануға да қатысты. Радио немесе
Bluetooth байланысын пайдаланған кезде қоршаған
ортаны тыңдау мүмкіндігін пайдалануды естен
шығармаңыз. Болмаса, қауіпсіздік сигналдарын немесе
сыртқы дыбыстарды естімей қалып, бұл ауыр жарақатқа
немесе өлімге әкелуі мүмкін.
• ADVANCE ProCOM үшін арнайы жасалған
шлемдермен ғана қолданыңыз. Қорғаныс маскалары
сияқты басқа шлемдер мен мақұлданбаған керек-
жарақтар ADVANCE ProCOM өнімінің дұрыс жұмыс
істеуіне және қорғанысқа кедергі келтіруі мүмкін.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
• STIHL компаниясы ADVANCE ProCOM өнімімен
пайдалануға арналмаған шлемдер үшін жауап бермейді.
• ADVANCE ProCOM үшін мақұлданбаған немесе басқа
өндірушілердің шлемдері және керек-жарақтарымен,
мысалы қорғаныс маскаларымен пайдалануға
болмайды.
• Егер пайдалану немесе зарядтау кезінде өнімнен
ерекше иіс шығатын болса, ыстық болып сезілсе немесе
қалыптан тыс болып көрінсе, оны пайдалануды дереу
тоқтатыңыз. Бұл зақымға, жарылысқа немесе өртке
әкелуі мүмкін. Осындай мәселелер туындаса, STIHL
дилеріне хабарласыңыз.
• Өнімді жарылыс қаупі бар ортада пайдалануға
болмайды. Егер сіз осындай жерде болсаңыз, қуатты
өшіріп, сол аймақтағы ережелер, нұсқаулар мен
белгілерге назар аударуыңыз қажет.
• Батареяларды 0°C (32°F) градустан төмен немесе
40°C (104°F) градустан жоғары температурада
зарядтамаңыз.
• Батареяны ылғалды ортада зарядтамаңыз.
• STIHL компаниясының белгілі бір өнімге арналған
қосалқы бөлшектерін ғана қолданыңыз. Рұқсат етілмеген
қосалқы бөлшектерді пайдалану осы өнім қамтамасыз
ететін қорғаныс деңгейін төмендетуі мүмкін.
• Өнімді бөлшектеуге, жөндеуге немесе өзгертуге
болмайды, себебі бұл өнімнің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
• Құрамдастарын бөлшектеуге, мысалы, құлаққаптан
губканы алып тастауға болмайды.
• Өнімді көрсетілген температурадан төмен немесе одан
жоғары жерлерде пайдалануға болмайды.
216