Мазмұны
Негізгі жұмыс ...................................................... 192
Тасымалдау........................................................ 193
Сақтау ................................................................. 193
Кепілдік ............................................................... 194
Діріл мəні ............................................................ 195
декларация......................................................... 195
Қауіпсіздік нұсқаулары
Құрылғыны алғаш рет пайдаланбас бұрын,
осы қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын, осы
түпнұсқалық пайдалану нұсқаулығын,
аккумулятор жинағына қоса берілетін
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын жəне қауіпсіздік
туралы нұсқаулығын жəне қоса берілетін
түпнұсқалық аккумулятор жинағын / зарядтау
құрылғысын пайдалану нұсқауларын оқыңыз. Оған
сəйкес əрекет етіңіз. Буклеттерді кейінірек
пайдалану үшін немесе кейінгі иелері үшін ұстаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқауларға
қосымша құрылғы пайдаланылатын елдің қауіпсіздік
техникасы мен қайғылы жағдайлардың алдын
алудың жалпы нұсқауларын сақтау керек.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
●
Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
●
Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
●
Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
●
Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік
ережелері
ЕСКЕРТУ
●
Барлық қауіпсіздік ережелерін жəне
нұсқауларды оқып шығыңыз.
Нұсқаулар мен қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулықты сақтамау электр тогының
188
соғуына жəне/немесе ауыр жарақатқа əкелуі
мүмкін. Болашақ үшін барлық қауіпсіздік пен
нұсқауларды сақтаңыз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықта
қолданылатын «электр құралы» термині электр
қуатымен жұмыс істейтін электр құралдарына
(қуат сымы бар) жəне аккумуляторлық электр
құралдарына (қуат сымы жоқ) қатысты.
1
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
a Жұмыс аймағын таза ұстаңыз жəне жақсы
жарықтандырыңыз. Таза емес жəне
жарықтандырылмаған жұмыс орындары
апаттарға əкелуі мүмкін.
b Электр құралмен тұтанғыш сұйықтықтар,
газдар немесе шаңдар бар ықтимал
жарылғыш ортада жұмыс істемеңіз.
Электр құралы шаңды немесе буды
тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады.
c Электр құралын пайдалану кезінде
балалар мен басқа адамдарды алыс
ұстаңыз. Алаңдағанда құрылғыны басқара
алмай қалуыңыз мүмкін.
2
Электрлік қауіпсіздік
a Электр құралының штекері розеткаға
сəйкес болуы керек. Штекерді ешбір
жағдайда өзгертуге болмайды. Электрлік
жерге тұйықталған электр құралдарымен
бірге жалғастырғыш тетікті қолданбаңыз.
Өзгертілмеген штекер жəне сəйкес келетін
розеткалар электр тогының соғу қаупін
азайтады.
b Дененің құбырлар, жылытқыштар, пештер
мен тоңазытқыштар сияқты жерге
тұйықталған беттермен байланысуын
болдырмаңыз. Егер денеңіздің жерге
тұйықталуы орын алса, электр тогының
соғу қаупі жоғары.
c Электр құралдарын жаңбырдан немесе
ылғалдан сақтаңыз. Судың электр
құралына енуі электр тогының соғу қаупін
арттырады.
d Электр құралын тасымалдау үшін сымды
пайдаланбаңыз, оны іліп қойыңыз немесе
оны қабырғадағы розеткадан суырыңыз.
Кабельді жылу, май, өткір жиектер немесе
жабдықтың жылжымалы бөліктерінен
алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе
шатастырылған байланыс кабельдері
электр тогының соғу қаупін арттырады.
e Электр құралмен ашық ауада жұмыс
істегенде, тек қана сыртқы қолдануға
жарамды ұзартқыш сымдарды
қолданыңыз. Сыртта қолдануға жарамды
ұзартқыш сымын пайдалану электр
тогының соғу қаупін азайтады.
f Электр құралын дымқыл ортада
пайдалану мүмкін болмаса, қалдық ток
құрылғысын пайдаланыңыз. Қалдық тоқ
сөндіргішті қолдану электр тогының соғу
қаупін төмендетеді.
3
Адамдардың қауіпсіздігі
a Мұқият болыңыз, не істеп жатқаныңызға
назар аударыңыз, сонымен қатар электр
құралымен жұмыс істеу барысында
ақылға қонымды болыңыз. Шаршаған
немесе есірткі, алкоголь немесе дəрі-
дəрмек əсері бар кезде электр құралын
қолданбаңыз. Электр құралын пайдаланған
Қазақша