2C-1.2
EN170:2002 стандартына сай ультракүлгін сәулені сүзеді
MSA
Өндірушіні анықтау
1
Оптикалық сипаттары
B
Орташа қуатты соққыға төзімділігі: 120 мс
EN 168 стандартына сай ұсақ бөлшектердің беткі қабатты
K
зақымдауына төзімділігі: 2001, 15-тармаққа сәйкес
N
Булануға төзімділік
Өте жоғары не өте төмен температураларда (-5°/+55°C) орташа
қуатты соққыға төзімділік
Егер жоғарғы температурада жылдам ұшқыннан қорғану қажет
T
болса, таңдалған көз қорғағышын соққы әрпінен (BT) кейін бірден «T»
әрібімен белгіленуі керек. Егер соққы әрпінен кейін «Т» әрпі болмаса,
көзәйнек тек бөлме температурасындағы жоғарғы жылдамдықтағы
ұшқындардан қорғану үшін ғана пайдаланылмайды.
CE
CE таңбасы
Егер таңба адаптерлер мен көзілдіріктерде бастырылмаса, онда қорғаныстың
төменгі жағы көздің толық қорғанысын қамтамасыз етеді.
• Каска тек мақсаты бойынша пайдалануға арналған.
• Дулыға соққы қуатын аздап жарылу немесе зақымдану арқылы қабылдайды.
Мұндай зақым дереу көрінбесе де, өте қатты соққы тиген дулығаны ауыстыру керек.
• MSA тарапынан ұсынылмаған болса, өнімнің түпнұсқа құрамдас бөлшектерін
өзгертпеңіз немесе алмаңыз (қаласаңыз, көзілдіріктегі тығыздаманы алып
тастауға болады).
• Дулығаға немесе көзілдірікке көмірсутек негізіндегі сырды, жапсырмаларды,
тазалау құралдарын немесе еріткіштерді қолданбаңыз, бұлар материалдарын
зақымдауы мүмкін.
• Дулығаның қатты соғылуы немесе енуі мүмкін жерлерден аулақ болыңыз.
• Қатты электр тогы соғуы мүмкін жерлерден аулақ болыңыз.
• Дулығаны ешқашан автокөлік не спорт дулығасы ретінде пайдаланбаңыз.
• Қолғапты, темекіні, құлаққа арналған тығынды немесе осыған ұқсас заттарды аспа
мен барабанды қорғайтын жабын арасында сақтамаңыз. Бұл кеңістік жабын/аспа
соққы қуатын тартқан кезде қажет болады.
• Бұл дулығамен тек MSA ұсынған не бекіткен қосалқы жабдықтарды
пайдаланыңыз.
• Дулығаны лақтыруға, құлатуға немесе тірек ретінде пайдалануға болмайды.
• Ешқандай зиянды материал пайдаланылған жоқ. Аллергиялық реакция туындаған
жағдайда, қауіпті аймақтан кетіп, PPE жүйесін алып тастаңыз.
• Арнайы тағайындалмаған түзетуші көзілдірік ілдірігінің үстінен көзілдірік киілген
жағдайда түзетуші көзілдірікті зақымдауы мүмкін әсер түсіріп, пайдаланушыға
қауіп төндіре алады.
• Көзілдіріктің қызмет ету мерзімі оларды пайдалану жағдайларына байланысты
болады.
• Күтілетін қызметке көзілдіріктің дайын екеніне көз жеткізу үшін, көзілдірік
таңбалауын тексеріңіз.
• Көзілдірік тек қолданыс қалпында (төмен қалыпта) күтілгендей пайдаланылады.
• Сызат түскен, құлаған немесе зақымдалған көзілдірікті ауыстыру керек.
• Көзілдірік тек MSA V-Gard 900 дулыға түрі бойынша жинауға арналған.
• Көзілдірікті кейбір химиялық заттар зақымдауы мүмкін.
• Қорғаныс тозудан немесе дұрыс тазаламау әдісінен төмендеуі мүмкін,
оқшаулағыш пайдалану жағдайларына байланысты шектелген.
ЕСКЕРТУ
59