Philips RQ1180 Manual Del Usuario página 101

Ocultar thumbs Ver también para RQ1180:
Tabla de contenido

Publicidad

5
Jet Clean жүйесін тазалау орнына қайтадан салыңыз. (Cурет 30)
Босату түймелері орындарына түсіп, сырт еткен дыбыстың шыққанын тексеріңіз.
Мұқият тазалау әдісі
Құралдың өшіп тұрғанын тексеріңіз.
1
Қыру ұшының ұстағышын тартып, қыру бөлігінің төменгі жағынан шешіңіз (Cурет 26).
2
Жасыл жүз ұстағышын үстіндегі көрсеткі бағытында сырғытыңыз (Cурет 37).
3
Жүз ұстағышын қыру ұшының ұстағышынан шешіңіз. (Cурет 38)
4
Қырыну қорғауышынан кескішті шығарыңыз (Cурет 39).
Ескертпе: бір уақытта бірнеше қырыну қорғауышы мен кескішті тазаламаңыз, себебі олардың бір жинақтың бөлшектері болып
табылады. Егер байқаусызда кескіш басқа қырыну қорғауышына салынса, тиімді қыру жұмысының қалпына келуіне бірнеше апта кетуі
мүмкін.
5
Кескішті берілген тазалау щеткасымен тазалаңыз (Cурет 40).
6
Қырыну қорғауышының ішін тазалаңыз. (Cурет 41)
7
Тазалап болған соң, тілдерін төмен қаратып, кескішті қайтадан қырыну қорғауышына орнатыңыз. (Cурет 42)
8
Жүз ұстағышын қыру ұшының ұстағышына қайта бекітіңіз. (Cурет 43)
9
Қорғауышты орнына сырғытып салыңыз (сырт еткен дыбыс естіледі). (Cурет 44)
10
Қыру ұштарының ұстағышын қыру бөлігінің төменгі жағына қайта бекітіңіз. (Cурет 27)
Триммерді тазалау
Триммерді әр қолданған сайын тазалап тұрыңыз.
1
Триммер орнатылған электр ұстараны қосыңыз.
2
Триммерді ыстық ағынды сумен біраз шайыңыз. (Cурет 45)
3
Тазалап болған соң, электр ұстараны өшіріңіз.
Кеңес: триммер жақсы жұмыс істеуі үшін, алты ай сайын, триммер тістерін бір тамшы тігін машинасының майымен майлап отырыңыз.
сақтау
1
Қыру ұштарына зақым келмеуі үшін, қыру бөлігіне қорғау қақпағын сырғытып кигізіңіз (Cурет 46).
2
Тек кейбір үлгілерде: электр ұстараны берілген қалтада сақтаңыз.
алмастыру
Жақсылап қырыну үшін, қыру бөлігінің ұшын жыл сайын ауыстырып тұрған жөн.
Қыру бөлігінің ұшын тек түпнұсқа RQ11 Philips қыру ұшының ұстағышымен алмастырыңыз.
1
Қыру ұшының ұстағышын тартып, қыру бөлігінің төменгі жағынан шешіңіз (Cурет 26).
2
Жаңа қыру ұшының ұстағышын қыру бөлігінің төменгі жағына қайта бекітіңіз (сырт еткен дыбыс естіледі) (Cурет 27).
Бөлшектерге тапсырыс беру
Төмендегі бөлшектерге тапсырыс беруге болады:
-
HQ8505 адаптері
-
RQ11 Philips қыру ұшының ұстағышы
-
HQ110 Philips қыру ұшын тазалау спрейі
-
HQ200 Philips тазалау сұйықтығы
Қоршаған орта
-
Тозғаннан кейін, құралды күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына, құралды қайта өңдейтін арнайы жерге
өткізіңіз. Осылайша қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз (Cурет 47).
-
Ішіне орнатылған қайта зарядталатын ұстара батареясының құрамында қоршаған ортаға зиянды заттар бар. Құралды тастамас
немесе арнайы жинап алатын орынға бермес бұрын, батареяны шығарыңыз. Батареяны арнайы батареялар жинайтын орынға
өткізіңіз. Батареяны шағыра алмаған жағдайда, құралды Philips қызмет көрсету орталығына апаруға болады. Орталық қызметкерлері
батареяны шығарып, қоршаған ортаға қауіпсіз жолмен жояды (Cурет 48).
Қайта зарядталатын ұстара батареяларын шығару
батареяны тек ұстара тасталатын кезде шығарыңыз. Шығармас бұрын, батарея зарядының толық таусылғанын тексеріңіз.
абайлаңыз, батарея ленталары өте өткір болады.
1
Электр ұстараның артқы панелін бұрауыштың көмегімен алып тастаңыз.
2
Қайта зарядталатын батареяны шығарыңыз.
кепілдік және қызмет.
Қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса, не болмаса қиын мәселе болса, Philips компаниясының www.philips.com веб-торабын
қараңыз немесе елдегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік
кітапшасынан табуға болады). Елде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.
ҚазаҚша
101

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Rq1160Rq1150Rq 1150/16Rq 1160/21

Tabla de contenido