Descargar Imprimir esta página

Пайдалану Нұсқаулары - 3M PELTOR ComTac VI NIB Manual Del Usuario

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 43
KZ
ҚҰРАМДАСТАР
С:1 Бүктелмелі бас жолағы
C:2 Тостаған тірейтін тұтқа
С:3 Екі нүктелі бекіткіштер
С:4 Тостаған
С:5 Батарея қақпағы
С:6 Қоршаған ортаны тыңдау микрофоны
C:7 Тербелістерді бәсеңдететін жастықша
C:8 Құлақ жастықшасы
С:9 Сыртқы кіріс кабель (тек кейбір үлгілерде)
С:10 Сөйлеу микрофонының кірісі (тек кейбір үлгілерде)
С:11 Мойын жолағы
С:12 Сөйлеу микрофонының кірісі (J22) (тек кейбір үлгілерде)
C:13 Пернетақтадағы [–] түймесі
C:14 Пернетақтадағы [+] түймесі
C:15 NIB PTT
БЕКІТУ НҰСҚАУЛАРЫ
Байлауыш
D:1 Қақпақтарды сыртқа сырғытып, қабықша үстін сыртқа
еңкейтсеңіз, кабель байлауыш сыртында болуы қажет.
D:2 Доғаны орнында ұстап тұрып табақшаларды жоғары
немесе төмен жылжыту арқылы олардың биіктігін реттеңіз.
D:3 Байлауыш көрсетілгендей бас үстіне орналастырылуы
керек және гарнитура салмағын көтеруі керек.
Мойын жолағы
D:4 Қақпақтарды құлақтар үстіндегі орынға қойыңыз.
D:5 Қақпақтарды орнында ұстап, бас бауын бас үстіне қойып,
орнына берік бекітіңіз.
D:6 Бас бауы басыңыздың жоғарғы жағында орналасуы тиіс.
E:1-E:2 Сөйлесу микрофонын бекіту
Шулы аймақтарда сөйлеу микрофонының тиімділігін арттыру
үшін, микрофонды аузыңызға өте жақын (3 мм немесе
1/8 дюймнен аз) ұстаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Үлкен биіктікте/авиацияда пайдаланылған кезде,
ол айналадағы қысым күрт төмендеуі және микрофонның
сезгіштігіне кері әсер етуі, мысалы тікұшақтың көтерілуіне кері
әсер етуі мүмкін. Егер мұндай жағдай орын алса,
микрофонның мембранасындағы қысымды арттыру үшін
микрофонды жақындатып қойыңыз және/немесе қаттырақ
сөйлеңіз.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
Батареяларды ауыстыру (1-сурет)
1-2. Батарея ұясының қақпақтарын ашып, батареяларды
(2xAAA) салыңыз.
3. Батарея полярлығы батарея ұясындағы белгіге сай
болуы тиіс.
4. Тығыздықты жақсарту үшін қақпақтарды төмен қарай
барынша басу керек. Батарея зарядының төмендігі
қайталанбалы «Батарея деңгейі төмен» дыбыстық хабар
арқылы көрсетіледі.
Гарнитураны қосу және өшіру (2-сурет)
Гарнитураны қосу немесе өшіру үшін, [+] немесе [–] түймесін
шамамен 2 секунд басып тұрыңыз. Растайтын дауысты нұсқау
шығады. Құлақ тығыны режимінде болған жағдайды
қоспағанда, гарнитура өшірулі болған кезде ағымдағы
параметр әрқашан сақталады.
Функциялар екі сағаттан астам пайдаланылмаған кезде
гарнитура автоматты түрде өшеді. Бұл соңғы минутта дауысты
хабармен көрсетіледі, содан кейін гарнитура өшеді. Екі
сағаттық үзіліс кезеңін қайта орнату үшін [+] немесе [–]
түймесін басыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу (3-сурет)
Қоршаған ортаны тыңдау функциясының дыбыс деңгейін
реттеу үшін [+] немесе [–] түймесін басыңыз. Мұнда төрт
деңгей бар, сонымен қатар қоршаған ортаны тыңдау
мүмкіндігін өшіру мүмкіндігі бар. Максималды параметрлер
дыбысты сигнал шығу арқылы расталады. Қоршаған ортаны
тыңдау функциясының өшірулі режимі дыбысты хабармен
расталады.
NIB технологиясы арқылы бетпе-бет сөйлесу
NIB технологиясы шулы орталардағы жақын ауқымда
бетпе-бет сөйлесуге мүмкіндік береді.
NIB технологиясы сымсыз байланысты 10 м радиуста іске
қосады. Бұл периметрде төрт адамға дейін толық дуплекстік
байланыста бола алады.
87
5-10 м радиус
жайлап өшу/
қосылу
3-5 м радиус
байланыс үшін оңтайлы

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Mt20h682fb-88nMt20h682fb-02n svMt20h682fb-38nMt20h682bb-38nMt20h682fb-02nMt20h682fb-38n sv ... Mostrar todo