Grundfos Multilift M Serie Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 303

Ocultar thumbs Ver también para Multilift M Serie:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 186
6. Шығару құбырын жалғаңыз.
Бір бағыттық клапан мен берілген DN 100 икемді қосылым
шлангысының (ішкі диаметр 110) арасында изоляциялау
клапанын орнатыңыз. Байланыс нүктелері, сорғыны
шығару сорғының арасында шамамен 3 см қашықтық
қалдырылса, икемді қосылым қамтамасыз етіледі.
22. сур. Бір бағыттық клапан үстіндегі изоляциялау
клапаны
7. Желдету құбырын жалғаңыз.
Қойма үстіндегі DN 70 желдету порты ашық.
Желдету құбырын желдету портына икемді жалғау бөлшегі
арқылы жалғаңыз. Желдету құбырын жергілікті ережелерге
сай ғимарат төбесінің үстінен ашық ауаға өткізу керек.
Ғимарат төбесінен жоғары желдету мүмкін емес болса,
желдету клапандарын (қосалқы құрылғы) пайдалану
жергілікті ережелерге сай екенін тексеріңіз.
Желдету құбыры мен желдету портының арасында
шамамен 3 см қашықтық қалдырылса, икемді қосылымды
қамтамасыз етуге болады.
8. Диафрагмалық сорғыны қосыңыз (міндетті емес).
Диафрагмалық сорғыны шығару жағына орнатыңыз.
Диафрагмалық сорғыға қызмет көрсетуді жеңілдету үшін
қойма портына 1 1/2" изоляциялау клапанын орнату
ұсынылады.
9. Қойманы еденге бекітіңіз.
23. сур. Қойманы еденге бекітуге арналған бекіту нүктесі
8. LC 221 контроллерін орнату
Назар аударыңыз
LC 221 ішінде кез келген қосылымдарды жасау
немесе сорғыда, шұңқырда, т.б. жұмыс істеу
алдында қуат көзі өшірілгеніне жəне оның
кездейсоқ қосылмайтынына көз жеткізіңіз.
Орнатуды жергілікті ережелерге сай рұқсат етілген
қызметкерлер орындауы керек.
8.1 Орналастыру
Назар аударыңыз
LC 221 контроллерін жарылыс қаупі бар
аумақтарды орнатпаңыз.
LC 221 контроллерін 0 °C мен +40 °С арасындағы қоршаған
орта температураларында орнатуға болады.
Қорғау дəрежесі: IP56.
Контроллерді су көтеру станциясына мүмкіндігінше жақын
орнатыңыз.
Сыртта орнатылғанда, LC 221 контроллерін қорғауыш қалқаға
немесе корпусқа орналастыру керек. LC 221 контроллеріне
тікелей күн жарығын түсірмеу керек.
8.2 Механикалық орнату
Назар аударыңыз
Тесіктерді бұрғылағанда, ешбір кабельдерді
немесе су жəне газ құбырларын зақымдап
алмаңыз. Қауіпсіз орнатуды қамтамасыз
етіңіз.
LC 221 контроллерін алдыңғы қақпақсыз
Ескерту
алуға болады.
Мыналардың орындалуы қажет:
LC 221 контроллерін тегіс қабырға бетіне бекітіңіз.
LC 221 контроллерін кабель кірістері төмен қарап
тұратындай бекітіңіз (қажет болатын болса, қосымша
кабель кірістерін корпустың төменгі тақтасында орнату
керек).
LC 221 контроллерін төрт бұрандамен корпустың артқы
тақтасындағы бекіту тесіктері арқылы бекітіңіз.
Бекіту тесіктерін контроллермен бірге берілген бұрғылау
үлгісін пайдаланып, 6 мм-лік бұрандамен бұрғылаңыз.
Бұрандаларды бекіту тесіктеріне салып, берік бекемдеңіз.
Пластик қақпақтарды жабыңыз.
24. сур. Контроллерді қабырғаға бекіту
303

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido