Қауіпсіздік Туралы Ақпарат - GP M451 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 9
Сипаттамалары
• 4 жарықдиодты индикаторы бар, 1–4 дана AA/AAA батареяларын жеке заядтау
• Қуаттың автоматты түрде өшуі: теріс дельта В, қауіпсіздік таймері жəне қызып кетуден қорғау
• USB қуат кірісі (5 В / 1 А)
• AA 2100 мА-сағ / AAA 850 мА-сағ батареяларының зарядталу уақыты шамамен: 2–4 сағат
• Үздіксіз зарядтау режимі
• Қос зарядтау (i) тікелей USB зарядтау қосылымы немесе (ii) GP 4 ұяшықты немесе 8 ұяшықты
зарядтау станциялары арқылы (осы бумада қамтылмаған)
Зарядтау бойынша нұсқаулар
Пайдаланудың алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты алдағы уақытта
қарау үшін сақтап қойыңыз.
1. 1–4 дана NiMH батареяларын зарядтағыш құрылғыға батареяның полярлығына сəйкес салыңыз
(1-сурет).
2. Кабельдің micro USB ұшын зарядтағыш құрылғының micro USB портына жалғаңыз (2a суреті).
3. USB кабелінің басқа ұшын смартфонның қабырғалық зарядтағыш құрылғыға (2b суреті) немесе
компьютердегі, тасымалды зарядтағыш құрылғыдағы немесе автомобильдік USB зарядтағыш
құрылғысындағы бірдей USB портына жалғаңыз.
Зарядтау процесі басталып, жарық диодты индикаторлар батареялардың күйін көрсетеді
(3-сурет). Батареяларды зарядтау барысында жарық диодты индикаторлар жасыл түспен
жыпылықтайды. Нашар немесе бір реттік батареялар үшін жарық диодты индикаторлар қызыл
түспен жылдам жыпылықтайды.
4. Батареялар толығымен зарядталғанда (жарықдиод жасыл болып жанып тұрады), оларды
шығарып алып, зарядтау құрылғысын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Зарядтау станциясы арқылы зарядтау үшін сəйкес GP NiMH USB СК зарядтау станцияларын
нұсқаулығын қараңыз.
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі жəне қауіпсіз болуы үшін, əрдайым GP NiMH батареяларын
қолданыңыз.
Пайдалану бойынша кеңестер
• Зарядтау кезінде батареялардың қызып кетуі қалыпты құбылыс, олар толық зарядталғаннан
кейін біртіндеп бөлме температурасына дейін салқындайды.
• Егер электр құрылғысы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, одан батареяларды алып тастаңыз.
• Батареяны сақтау температурасы: -25 ~ + 60°C
• Зарядтау температурасы: 0 ~ +35°C
Қауіпсіздік туралы ақпарат
• Бұл зарядтағыш құрылғы тек NiMH батареясын зарядтауға жобаланған. Басқа батареяларды
зарядтау нəтижесінде жарылыс, батареяның жарылуы немесе жылыстауы, жарақат алу немесе
мүліктік залал пайда болуы мүмкін.
• Бұл зарядтағыш құрылғы тек бөлме ішінде пайдалануға арналған. Зарядтағыш құрылғыны
жаңбыр, қар немесе тікелей күн сəулесінің астына қоймаңыз.
• Зарядтағыш құрылғыны ылғалды шарттарда пайдаланбаңыз.
• Зарядтағыш құрылғы 0 ~ +35°C аралығында пайдаланылғанына көз жеткізіңіз.
• Жарақат алу қаупін азайту үшін GP NiMH батареяларын пайдалануға кеңес беріледі.
• Қайта зарядтауға келмейтін, LiFePO4, NiCD немесе литий-иондық батареяларды пайдаланбаңыз.
• Ашасы зақымдалған зарядтағыш құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Зарядтағыш құрылғыны жерге түсірген немесе зақымдаған соң пайдаланбаңыз. Зарядтағыш
құрылғыны ашпаңыз/бөлшектемеңіз.
• Бұл зарядтағыш құрылғы техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді, бірақ оны жүйелі
түрде құрғақ əрі жұмсақ шүберекпен сүртіп тұру керек. Абразивтерді немесе еріткіштерді
пайдаланбаңыз. Зарядтағыш құрылғыны тазаламас бұрын розеткадан суырып алыңыз.
• 8 жасқа толған балалар жəне дене, сезім жəне ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тəжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдар бақыланған немесе бұл құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану
жөнінде нұсқау алған жəне оған қатысты тəуекелдерді түсінген жағдайда бұл құрылғыны
пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Балалар тазалау жəне техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз өткізбеуі тиіс.
Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сəйкес келеді. Пайдалану мына екі шартқа бағынады: (1)
бұл құрылғы зиянды кедергі тудырмауы тиіс жəне (2) бұл құрылғы алынған ешқандай кедергілерді,
соның ішінде қалаусыз іске қосылуға əкелуі мүмкін кедергіні қабылдауы тиіс.
Электрлік құрылғыларды сұрыпталмаған қалалық қоқысқа тастамаңыз, бөлек қоқыс жинау
мекемелеріне жіберіңіз. Қолжетімді қоқыс жинау жүйелері туралы ақпарат алу үшін жергілікті
үкіметке хабарласыңыз. Электрлік құрылғылар қоқыс тастайтын жерлерге немесе қоқыс
орындарына тасталса, зиянды заттектер жер асты суларға жылыстап, қоректік тізбекке түсуі
жəне денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
KZ

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido