Техникалық сипаттар — Рұқсат
етілетін батареялы бұрғылар
Айналу жылдамдығы ...1800-2500 айн/мин
Патрон өлшемі ..............3/8 дюйм не жоғары
Муфта.............................. Айналу кезін реттеумен
Қосқыш құлпы ...............Жабдықталмаған
Сымды бұрғыларды, соққы бұрғыларын не
соққы құралдарын пайдаланбаңыз. Орынсыз
бұрғыны пайдалану жабдық зақымының және
дене жарақатының қаупін арттырады.
Стандартты жабдық
Нақты ағын құбырын тазалау құрылғысының
каталог нөмірлерімен жабдықталған жабдық
туралы деректерді RIDGID каталогынан
қараңыз.
Бұл құрылғы ағын құбырларын
ЕСКЕРТПЕ
тазалауға арналған.Дұрыс пайдаланылған кезде
ол жақсы талаптарда ұсталған және тиісінше
жасалған, құрылған және қызмет көрсетілген
ағын құбырларын зақымдамайды. Егер ағын
құбыры нашар жағдайда болса не тиісті түрде
жасалмаған, құрылмаған және қызмет
көрсетілмеген жағдайда ағын құбырын тазалау
процесі тиімді болмауы немесе ағын құбырына
зақым келуіне әкелуі мүмкін. Тазаламас бұрын
ағын құбырының күйін тексерудің ең дұрыс
жолы камераны пайдалана отырып, визуалды
тексеру болып табылады. Ағын құбырын тазалау
құрылғысын дұрыс пайдаланбау ағын құбырын
тазалау құрылғысын және ен ағын құбырын
зақымдауы мүмкін. Бұл құрылғы барлық
бітелген орындарды тазартпауы мүмкін.
Жұмыс алдында тексеру
ЕСКЕРТУ
Әрбір пайдалану алдында, электр тогының
соғуынан, бұралған немесе үзілген кабельдерден,
химиялық күйіктен, жұқпалардан және басқа
себептерге байланысты орын алатын ауыр дене
жарақаты қаупін азайту және ағын құбырын
тазалау құрылғысының зақымдалуын болдырмау
үшін ағын құбырын тазалау құрылғысын тексеріңіз
және ақаулықтарды жойыңыз.
Ағын құбырын тазалау құрылғысын тексерген
кезде үнемі қорғаныш көзілдіріктерін және басқа
тиісті қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз.
999-995-158.09_REV. A
FlexShaft™ ағын құбырын тазалау құрылғылары
жабдықталған
1. Тұтқаларын және басқару тетіктерін қоса
құрылғыны тазалаңыз.Бұл тексеруге
көмектеседі және құрылғының немесе
басқару тетігінің қысқыштан сырғып
кетуіне жол бермейді. Құрылғыны
қызмет көрсету нұсқауларына сәйкес
тазалаңыз және оған қызмет көрсетіңіз.
2. Құрылғыда мыналарды тексеріңіз:
• Тиісті түрде жинақтау және толықтығы.
• Кез келген сынық, тозған, жоқ, ретсіз
немесе жабысқан бөліктер.
• Ескерту белгісінің бар болуы және
оқылуы (2-суретті қараңыз).
RIDGID.com
2-сурет – Ескерту белгісі
• Кабель жиынтығының құрылғы ішіне
және сыртына бірқалыпты және еркін
жылжуы.
• Қауіпсіз және қалыпты жұмыс істеуіне
жол бермеуі мүмкін кез келген жағдай.
Егер ақаулықтар табылса, ақаулықтар
түзетілгенше ағын құбырын тазалау
құрылғысын пайдаланбаңыз.
3. Кабель жиынтығындағы және шынжырлы
бастырғыштардағы қоқысты тазалаңыз.
Орамды тозу және зақымға тексеріңіз.
Кесіктер, байламдар, үзілу не шамадан
көп тозу болмауы қажет. Шынжырлы
бастырғыш жанындағы кабельді тексеріңіз.
Кабель жиынтықтары бүгілген не пішіні
өзгерген болмауы қажет. Кабель тұтамдары
бөлінбей бір-біріне қатайтылу қажет.
Шынжырлы бастырғышта зақымдалған
не жоғалған қатты қорытпалы кесу
ұштарының (егер жабдықталса) бар-
жоғын және шынжырдың өзінің тозуын
тексеріңіз. Егер шынжыр байламдары 1/4 аса
тозған не зақымдалған болса, шынжырлы
бастырғышты ауыстырыңыз. Ағын құбырын
тазалау құрылғысын пайдаланбас бұрын
тозған және зақымдалған жабдықты
ауыстырыңыз.
Шынжырлы бастырғыштың тиісті түрде
реттелгенін және кабельге бекітілгенін
растаңыз.
1800 - 2500/min
0
FOR
379