All manuals and user guides at all-guides.com
▶ Алмасты бұрғылау кезінде құлақ қорғанысын тағыңыз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті
жоғалуы мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы аспап бұғатталған кезде, ешбір беріліс қоспаңыз және құралды өшіріңіз.
Қысылудың себебін тексеріп, қысылған алмалы-салмалы аспап үшін шешім табыңыз.
▶ Өңделетін бұйымға енгізілген алмасты бұрғылау станогын қайта іске қосу қажет болғанда,
іске қосу алдында алмалы-салмалы аспаптың еркін айналатынын тексеріңіз. Алмалы-салмалы
аспап қысылған кезде, ол айналмауы мүмкін және бұл құралға шамадан тыс жүктеменің түсуіне
апарып соғуы мүмкін немесе алмасты бұрғылау станогының өңделетін бұйымнан шығып кетуіне
апаруы мүмкін.
▶ Станинаны өңделетін бұйымға анкер мен бұрандалар арқылы бекіткен кезде, қолданылатын
бекіткіш аспапты қолдану барысында ұстап тұруға қабілетті екендігін тексеріңіз. Өңделетін
бұйым тұрақсыз немесе нығыз емес болғанда, анкер босатылып, нәтижесінде станина өңделетін
бұйымнан шығып кетуі мүмкін.
▶ Қабырғаны немесе қаптауышты бұрғылау кезінде адамдар мен жұмыс аймағының басқа
шетінен қорғалғанына көз жеткізіңіз. Бұрғылау коронкасы саңылау арқылы өтіп, керн басқа
бүйіріне құлауы мүмкін.
▶ Бұл құралды су берілісімен үстінен бұрғылау жұмыстарында қолданбаңыз. Электр құралға
судың тиюі нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
2.3 Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады.
▶ Аспапты балалардан алшақ ұстаңыз.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз. Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз. Айналатын түйіндерге, әсіресе айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
▶ Жұмыс құралдарын пайдалану барысында сақ болыңыз.
▶ Құрамында қорғасын бар бояулар,
қамтитын жыныстар және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң
денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек. Мүмкін
болса, жарамды шаңсорғыш аппаратты қолданыңыз. Ол үшін бұл электр құралды Hilti компаниясы
ағаш үгінділерін және/немесе минералдық шаңды тазалау үшін ұсынылған тиісті тасымалданатын
шаңсорғышпен тіркесімде қолданыңыз. Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Сәйкес шаң түріне арналған респиратор маскасын тағу ұсынылады.
бойынша еліңізде қолданылатын нұсқауларды орындаңыз.
▶ Алмасты бағаналы бұрғы білдек және алмас бұрғылау коронкасы ауыр. Дене бөліктерін қысып алу
қаупі бар. Аспаппен жұмыс істегенде жұмыс істейтін адам және оның жанында орналасқан
тұлғалар қорғауыш көзілдірік, каска, қорғауыш құлаққап, қорғауыш қолғаптар және қорғауыш
аяқ киім киюі керек.
Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Аспап станинаға сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Соңындағы тіректің станинағы әрдайым орнатылғанына көз жеткізіңіз әйтпесе шеткі тіреуіш
функциясына кепілдік берілмейді.
▶ Аспапта қысқыға сай ұштары бар екеніне және қысқыда берік бекітілетініне көз жеткізіңіз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Бірнеше аспап қосылған розеткалар блогы бар ұзартқыштарды қолданбау керек.
▶ Аспапты электр қуаты желісіне тек тиісті сипаттамалары бар изоляцияланған сым болғанда
ғана қосуға рұқсат етіледі.
▶ Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен. Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы
мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу қаупі пайда болады.
▶ Жылжыма берілісі кезінде желілік кабель зақымдалмауын байқап тұрыңыз.
462
Қазақ
Printed: 02.11.2017 | Doc-Nr: PUB / 5145256 / 000 / 04
ағаштың кейбір түрлері,
бетон/кірпіш қалауы/кварц
Өңделетін материалдар