Техникалық Күтім Және Қызмет - Bosch GCM 12 JL Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GCM 12 JL Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 53
OBJ_BUCH-1600-004.book Page 274 Wednesday, June 10, 2015 11:25 AM
274 | Қaзақша
Егер бұрыш көрсеткіші 12 реттеуден соң 13 шкаласының
0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, 62 бұрандасын
стандартты крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш
көрсеткішін 0° белгісінен туралаңыз.
Тасымалдау (V суретін қараңыз)
Электр құралын тасымалдаудан алдын төмендегі
басқыштарды орындау керек:
– Манипуляторды төменге тасымалдау қорғауышы 20
ішке толық басылғанша жылжытыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқыштарын 15 толығымен ішіне
жылжытып (қысқыш тұтқыш 14 төменге басыңыз)
бекітіңіз.
– 0° вертикалды еңіс бұрышын орнатып қысқыш
тұтқышты 23 бекітіп тартыңыз.
– Аралау үстелін 30 тірелгенше оңға бұрап реттеу тетігін
9 тартып қойыңыз.
– Желі кабелін жабысқақпен 63 жинаңыз.
– Электр құралында бекітілмейтін барлық жабдықтар
бөліктерін алыстатыңыз.
Пайдаланылмаған аралау дискілерін тасымалдау үшін
жабық контейнерлерге салыңыз.
– Электр құралын тасымалдау тұтқасынан 45 ұстап
тасыңыз немесе аралау үстелінің жанындағы ұстау
ойықтарынан 16 ұстаңыз.
 Бел жарақаттануын алдын алу үшін электр құралын
әрдайым екі кісі болып тасымалдаңыз.
 Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш
аспаптарды пайдаланбаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тазалау
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тербелу қорғағыш қаптамасы әрдайым бос жылжып өзі
жабылатын болуы керек. Сондықтан маятниктік қорғағыш
қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза ұстаңыз.
Әрбір жұмыс басқышынан соң сығымдалған ауамен үрлеу
немесе қылшақ көмегімен шаңды және жоңқаларды
кетіріңіз.
Сырғанақ дөңгелекті 38 жүйелік ретте тазалаңыз.
1 609 92A 1CJ | (10.6.15)
Керек-жарақтар
Бұрандалы қысқыш
Ішпектер
Шаң қабы
Шаң қабы үшін бұрыш адаптері
Ағаш пен плиталық материалдар, панельдер мен
планкалар үшін ара дискілері
Аралау дискісі 305 x 30 мм, 40 тістер
Пластмасса және түсті металдарды аралайтын ара
дискілері
Аралау дискісі 305 x 30 мм, 80 тістер
Түрлі ламинат еден түрлеріне арналған ара дискілері
Аралау дискісі 305 x 30 мм, 96 тістер
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны
қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.
Электр құрлдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Өнім нөмірі
1 609 B02 585
1 609 B01 453
1 609 B01 716
1 609 B01 613
2 608 640 440
2 608 640 452
2 608 642 137
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido