OBJ_BUCH-2303-002.book Page 256 Tuesday, March 3, 2015 4:32 PM
256 | Қaзақша
Кез келген көлденең қисайту бұрышын реттеу
(I суретін қараңыз)
Көлденең қисайту бұрышын 52° (сол жақтық) мен 60° (оң
жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
– Бекіту басы 21 тартылған болса оны босатыңыз.
– 22 тұтқышын тартып бір уақытта бұғаттау қапсырмасын
20 оған арналған ойыққа тірелгенше басыңыз. Осылай
аралау үстелі бос жылжытылады.
– Аралау үстелін 16 бекіту басында солға немесе оңға
бұрыш көрсеткіші 24 керекті еңіс бұрышын
көрсеткенше бұраңыз.
45° үлкен еңіс бұрышы үшін:
Аралау үстелінің ұзартқышын 13 толығымен сыртқа
(„Аралау үстелін ұзарту" 255 бетінде қараңыз).
– Бекіту басын 21 қайта тартыңыз.
– Тұтқышты 22 қайта босату үшін (стандартты еңіс
бұрышын реттеу үшін), тұтқышты жоғарыға тартыңыз.
Бұғаттау қысқышы 20 бастапқы күйіне оралып тұтқыш
22 ойықтарына 25 қайта түсуі мүмкін.
Вертикалды еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін белсенді пайда-
ланудан соң электр құралының параметрлерін тексеріп
керек болса реттеу керек („Негізгі реттеулерді тексеріп
реттеңіз" 258 бетінде қараңыз).
Вертикалды еңіс бұрышын 47° (сол жақтық) мен 47° (оң
жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
Жиі қолданатын қисайту бұрышын жылдам және нақты
реттеу үшін 0°, 45°, 22,5° және 33,9° бұрыштары үшін
тіреуіштер қолданылады.
Кез келген тік қисайту бұрышын реттеу
(J суретін қараңыз)
– 46 тіреуішін толығымен алға тартыңыз.
Осылай еңіс бұрышының аймағын толығымен (солда
немесе оңда) пайдалану мүмкін.
– Сол жақтық реттелетін тіреуіш бағыттауышын 15
толығымен сыртқа тартыңыз немесе толығымен алып
қойыңыз („Тіреуіш планканы жылжыту" 255 бетінде
қараңыз).
Егер толық еңіс бұрышының аймағын пайдаланбақшы
болсаңыз, сол жақтық реттелетін тіреуіш
бағыттауышын 15 толығымен сыртқа тартыңыз немесе
толығымен алып қойыңыз.
– Қысу тұтқышын 43 босатыңыз.
– Манипуляторды қолтұтқасында 8 бұрыш көрсеткіші 44
немесе 33 керекті қисайту бұрышын көрсеткінше солға
немесе оңға қайырыңыз.
– Қысу тұтқышын 43 қайта берік тартыңыз.
Тік стандартты қисайту бұрышын реттеу
(K суретін қараңыз)
Стандартты еңіс бұрышы 0°:
– Манипуляторды қолтұтқасынан 8 аз сол жаққа
қайырып, тіреуішті 46 толығымен артқа жылжытыңыз.
Стандартты еңіс бұрыштары 45°, 33,9° және 22,5°:
– Сол немесе оң тіреуішті 31 көрсеткі белгісінде керекті
стандартты еңіс бұрышы тірелгенше бұраңыз.
1 609 92A 0Z4 | (3.3.15)
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу (L суретін қараңыз)
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 7 басып ұстап
тұрыңыз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 7
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Тек құлыптау қосқышын 9 басып манипуляторды төменге
апару мүмкін.
– Аралау үшін қосқыш/өшіргішті 7 тиюге қосымша
құлыптау қосқышын 9 басу керек.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 7 жіберіңіз.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ескертпе: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда іске қосу тогын
шектеу керек емес. Электр құралды жылдам сервистік
қызметке жіберу керек, мекенжайларды „Тұтынушыға
қызмет көрсету және пайдалану кеңестері" бөлімінен 260
бетінде қараңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
Бекіту басы 21 мен қысқыш тұтқаны 43 аралаудан
алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе
ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
Тербелуден сақтайтын қаптаманың дұрыс істеп, бос
жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төменге
апаруда тербелуден сақтайтын қаптама ашылуы керек.
Манипуляторды жоғарыға апаруда тербелуден сақтайтын
қаптама ара дискісінің жоғарысынан қайта жабылып,
манипулятордың ең жоғарғы күйінде бекітілуі керек.
Bosch Power Tools