Аккумуляторлық фонарьлар үшін қауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқаулық
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді
оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен
ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Аккумуляторлық фонарьды күтіп пайдаланыңыз. Аккумуляторлық фонарь
u
қатты қызады, бұл өрт және жарылу қаупін арттырады.
Аккумуляторлық батареямен жарылыс қаупі жоқ ортада жұмыс істеңіз.
u
Автоматты өшуден кейін аккумуляторлық фонарьдің қосқышын/өшіргішін
u
баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін. Аккумуляторлық фонарьді
қосудан алдын аккумулятор зарядталғанын және аккумуляторлық фонарь
суығанын қамтамасыз етіңіз.
Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын пайдаланыңыз.
u
Жарықтық көзін алмастыру мүмкін емес. Егер жарық көзі бұзылған болса,
u
аккумуляторлық шамды алмастыру қажет болады.
Аккумуляторлық фонарьмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату,
u
қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ, аккумуляторлық
фонарьды тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды алыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті
u
алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Жол қозғалысы кезінде аккумуляторлық фонарьды пайдаланбаңыз.
u
Аккумуляторлық фонарь жолда жарықтандыруға арналмаған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шам сәулесіне ұзақ уақыт бойы
қарамаңыз. Оптикалық сәулелену көзге зиян тигізуі мүмкін.
Аккумуляторлық шамды пайдалану кезінде шамның жарық бастиегін
u
жаппаңыз. Пайдалану кезінде шамның жарық бастиегі қызады және әбден
қызса, күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
Балалардың аккумуляторлық батареяны пайдалануына жол бермеңіз. Ол
u
кәсіби пайдалануға арналған. Балалар кездейсоқ өздерінің немесе адамдардың
көзін шағылыстыруы мүмкін.
Bosch Power Tools
Қазақ | 119
1 609 92A 8AN | (18.08.2022)