122 | Қазақ
Аккумулятор
Аккумуляторды зарядтау
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды
u
пайдаланыңыз. Тек қана мұндай зарядтағыш құрылғылар аккумуляторлық
шамда пайдаланылатын литий-иондық аккумулятормен үйлесімді.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес
ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Аккумуляторды енгізу
Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймелерін басыңыз және
аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз.
Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және
ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Пайдалану
Іске қосу
Қосу/өшіру
Аккумуляторлық шамды іске қосу үшін ажыратқышты (2) басыңыз.
Аккумуляторлық шамды өшіру үшін ажыратқышты (2) қайтадан басыңыз.
1 609 92A 8AN | (18.08.2022)
Bosch Power Tools