Descargar Imprimir esta página

Шөп Жинағышты Монтаждау, Ілу Және Босату; Шөп Жинағышты Монтаждау; Мотор Майын Құю - Stihl RM 443.1 T Manual De Instrucciones

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 56
қазақ
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Шабу жетегінің қосқыш иінтірегін (12) бас
тұтқаға (6) басып ұстап тұрыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын (13) жетек
арқанының бағыттауышына (14) қарай баяу
тартыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын (13) жетек
арқанының бағыттауышына (14) іліңіз.
► Шабу жетегінің қосқыш иінтірегін (12)
жіберіңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
орнына салыңыз.
Бас тұтқаны (6) қайтадан шешіп қою қажет
емес.
6.2
Шөп жинағышты монтаждау,
ілу және босату
6.2.1
Шөп жинағышты монтаждау
► Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (1) шөп
жинағыштың төменгі жағына (2) кигізіңіз.
Саңылаулар (3 және 4) сәйкес келуі тиіс.
► Болттарды (5) ішкі жағынан саңылаулар (3
және 4) арқылы кіргізіңіз.
316
6 Көгалшапқышты құрастыру
► Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (1) төмен
қарай басыңыз.
Шөп жинағыштың жоғарғы жағы (1) сырт
еткен дыбыспен бекітіледі.
6.2.2
Шөп жинағышты ілу
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
► Лақтырманың қақпағын (1) ашып, ұстап
тұрыңыз.
► Шөп жинағышты (2) тұтқасынан (3) ұстап,
шығыңқы тұмсығын (4) лақтырма науасына
(5), ал ілмектерін (6) бекіткіштерге (7) іліңіз.
► Лақтырма қақпағын (1) шөп жинағышқа (2)
түсіріңіз.
6.2.3
Шөп жинағышты ажырату
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Лақтырманың қақпағын ашып, ұстап
тұрыңыз.
► Шөп жинағышты тұтқасынан ұстап жоғары
қарай шығарыңыз.
► Лақтырманың қақпағын жабыңыз.
6.3
Мотор майын құю
Мотор майы қозғалтқышты майлап суытады.
Мотор майының спецификациясы және
толтыру көлемі қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында көрсетілген.
Нұсқау
■ Бастапқы күйде мотор майы құйылмайды.
Қозғалтқышты мотор майынсыз немесе тым
аз мотор майымен іске қосу нәтижесінде
көгалшапқыш зақымдалуы мүмкін.
► Әр іске қосу әрекетінің алдында мотор
майын тексеріңіз және қажет болса,
мотор майын тағы құйыңыз.
► Мотор майын қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында сипатталғандай
құйыңыз.
0478-111-9951-B

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Rm 448.1 tx