Descargar Imprimir esta página

Пышақты Бөлшектеу Және Монтаждау; Жөндеу; Көгалшапқышты Жөндеу - Stihl RM 443.1 T Manual De Instrucciones

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 56
қазақ
16.2
Пышақты бөлшектеу және
монтаждау
16.2.1
Пышақты шешіп алу
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
► Пышақты (1) ағаш кесіндісімен (2) тіреп
қойыңыз.
► Бұранданы (3) бұрап шығарыңыз да,
шайбамен (4) бірге шешіп алыңыз.
► Пышақты (1) шығарып алыңыз.
► Бұранданы (3) және шайбаны (4) кәдеге
жаратыңыз.
Пышақты (1) орнатуға жаңа бұранда мен
шайбаны пайдаланыңыз.
16.2.2
Пышақты монтаждау
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
► Жаңа шайбаны (4) жаңа бұрандаға (3)
кигізіңіз.
► Бұранданың (3) ирек оймасына Loctite 243
фиксаторын жағыңыз.
► Пышақты (1) тірек бетіндегі шығыңқы
жерлер пышақтағы (1) ойықтармен
жанасатындай етіп орнатыңыз.
► Бұранданы (3) шайбасымен (4) бірге бұрап
кіргізіңіз.
322
► Пышақты (1) ағаш кесіндісімен (2) тіреп
қойыңыз.
► Бұранданы (3) 65 Нм тарту моментімен
қатырыңыз.
16.3
Пышақты қайрау және
теңгеру
Пышақты дұрыс қайрау және теңгеру үшін көп
жаттығу қажет.
STIHL компаниясы пышақты STIHL
делдалына қайратуға және теңгертуге кеңес
береді.
Сақтандыру
■ Пышақтың кескіш қырлары өткір.
Пайдалануға тисе, кесіп кетуі мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған қорғаныш
қолғаптарын киіңіз.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
► Пышақты бөлшектеңіз.
► Пышақты қайраңыз. Бұл ретте қайрау
бұрышына назар аударыңыз және пышақты
суытыңыз,
19.2.
Пышақты қайраған кезде оның түсінің
көгеруіне жол бермеңіз.
► Пышақты монтаждаңыз.
► Түсініксіз мәселелер туындаған жағдайда:
STIHL делдалына хабарласыңыз.
17 Жөндеу
17.1
Көгалшапқышты жөндеу
Пайдаланушы көгалшапқышты және пышақты
өз бетімен жөндей алмайды.
► Көгалшапқыш немесе пышақ зақымдалған
жағдайда: көгалшапқышты немесе пышақты
пайдаланбаңыз және STIHL делдалына
жолығыңыз.
► Нұсқау тақтайшалары анық емес немесе
зақымдалған болса: нұсқау тақтайшаларын
STIHL делдалына алмастыруға беріңіз.
17 Жөндеу
0478-111-9951-B

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Rm 448.1 tx