МАҢЫЗДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
23. Бұл құрылғыны 8 жасқа толған балалар және физикалық, сезу
немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға қауіпсіз пайдалану
туралы нұсқау беру және қадағалау, сондай-ақ олардың қандай
қауіп-қатер бар екенін түсінуі шарт.
24. Балалар бұл құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі
қадағалап отыру қажет. Тазалау және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын балалар қадағалаусыз орындамауы
қажет.
25. Құрылғы құлпының кілтін балаларға жақын немесе олардың
қолы жететін жерге қоймаңыз.
26. Құрылғыны су немесе дымқыл қолмен ұстамаңыз. Құрылғыны
су қолмен немесе дымқыл еденде тұрып пайдаланбаңыз.
27. Ескерту! Құрылғыны тазалап жатқанда немесе ол жұмыс істеп
тұрғанда, оны суға не басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз.
Құрылғыны бақ суаруға арналған шлангімен тазалауға
болмайды.
28. Құрылғыға су төгілсе, оны дереу розеткадан ажыратыңыз. Қайта
пайдаланбас бұрын білікті маманға тексертіңіз.
29. Құрылғы пайдаланылмай тұрса немесе оны тазалайтын
KZ
болсаңыз, розеткадан ажыратып қойыңыз.
30. Құрылғы ішіне тез тұтанғыш, жарылғыш не ұшпа заттар,
күйдіргіш қышқылдар немесе сілтілер қоймаңыз. Мықты
спирт ішімдіктерін тек тігінен қойыңыз және мықтап жабыңыз.
Температура төмендегенде контейнердегі тез тұтанғыш газдар
мен сұйықтықтар ағып кетіп, электраспаптардың ұшқынынан
тұтанып өртенуі мүмкін. Жарылу қаупі бар!
31. Құрылғының ішіне химиялық заттар салынбауы тиіс.
32. Ескерту! Бұл құрылғы контейнерлерде тамақ сақтауға
арналған.
33. Аққан май құрылғының резеңке аратөсемдерін зақымдауы
мүмкін. Майлы өнімдердің дұрыс оралуын және майының ағып
кетпеуін қадағалаңыз.
34. Құрылғыны кез келген ыстық бет пен ашық оттан аулақ ұстаңыз.
35. Құрылғыны әрдайым тегіс, орнықты, таза, қызуға төзімді әрі
құрғақ орында пайдаланыңыз.
36. Құрылғыны жарылу қаупі бар немесе тез тұтанғыш булардың
жанында қолданбаңыз.
37. Айнадалағы заттармен арасы кемінде 1 метр болуы тиіс.
38. Құрылғының тоңазытқыш агент жүретін еш жерін тесіп,
перфорациялап, мыжып, бұрап не тырнап зақымдамаңыз.
177