Descargar Imprimir esta página

Тазалау; Утилизациялауға Қатысты Нұсқаулар - METRO PROFESSIONAL GSC2100 Manual De Instrucciones

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 95
ҚОЛДАНУ
Температураны реттеу
SET (17) түймесін басыңыз. Жарықдиодты дисплей (18) жыпылықтай бастайды. Қажетті температураны
(19) басу арқылы таңдаңыз, одан кейін параметрлерді сақтау үшін SET (17) түймесін қайта басыңыз.
Жарықдиодты дисплей (18) ішкі бөлімнің нақты температурасын көрсетеді. Салқындату индикаторы (14) жанады. Көрме-
сөре алдын ала орнатылған мәнге дейін автоматты түрде салқындата бастайды.
Еріту
Құрылғының автоматты еріту функциясы бар. Еріту әр 6 сағат сайын автоматты түрде басталып, 20 минутқа созылады
(зауыттық параметр).
Зауыттық параметрлердің ешбірін өзгертпеңіз! Бұл – құрылғының жұмысына әсер етеді. Бұл параметрлерді өзгертсеңіз,
кепілдік күші жойылады. Сұрақтарыңыз болса, қызмет көрсету орталығымызға хабарласыңыз.
Шамдарды қосу/өшіру
Дисплей шамын (13)қосу/өшіру үшін, ҚОСУ/ӨШІРУ батырмасын I/0 (1) басыңыз.
шамдарды (10) қосу/өшіру үшін, ҚОСУ/ӨШІРУ батырмасын I/0 (2) басыңыз.
Есіктерді құлыптау
Сол есікті (11) құлыптау үшін, кілтті сол жақтағы құлыпқа (8) салып, сағат тілінің бағытына қарсы 90°-қа бұраңыз. Оң есікті
(11) құлыптау үшін, кілтті сол жақтағы құлыпқа (8) салып, сағат тілінің бағытымен 90°-қа бұраңыз.
Есіктерді (11) құлыптамас бұрын, құрылғы ішінде адам бар-жоғын қайтара тексеріңіз.
ТАЗАЛАУ
Tазалауға кіріспей тұрып, алмалы бөліктерінің барлығын шешіп алыңыз.
Ішкі бөлімді (12), жабдық бөліктерін және корпусты (4) құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Басқару панелі (7), ашалы қуат
сымы (5), желдету саңылаулары (3), шамдар (10, 13) немесе басқа да электрлік компоненттердің дымдануына жол
бермеңіз.
Құрылғыны тазалау үшін еш жағдайда коррозиялық жуғыш заттар, металл қылшақ немесе қажақ жөке қолданбаңыз.
Қоқымнан тазалау үшін, еш жағдайда металл немесе өткір заттарды пайдаланбаңыз.
Барлық беттерді құрғатыңыз.
Аратөсемдер мен бітегіштерді құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Есіктердің (11) әрқашан тиісті жабылуын қамтамасыз ету
үшін қоқыс бар-жоғын тексеріңіз.
Ақпарат тақтайшасында маңызды деректер берілген, сондықтан оны алып тастамаңыз және бүлдірмеңіз.
Егер конденсатордың иіртүтігі жылына кем дегенде бір рет тазаланбаса, құрылғы жұмысының тиімділігі айтарлықтай
төмендейді.
Корпусты жылына бір рет тазалап тұрыңыз.
Шамдарды ауыстыру
Шамдарды (10, 13) өз бетіңізше ауыстырмаңыз. Ол үшін білікті маманға хабарласыңыз.
УТИЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛАР
Ескі құрылғыларды утилизациялау
Істен шыққан құрылғыларды розеткадан ажыратып, қуат сымын кесіп жойыңыз.
Балалар немесе ересектер қамалып қалмас үшін, құлыптардың барлығын бұзып тастаңыз. Мүмкін болса, есіктердің
барлығын шешіп алып, бөлек утилизациялаңыз.
Ескерту - қауіпті химиялық заттар! Балалардың ескі құрылғымен ойнауына жол бермеңіз.
Ескі құрылғыларды сақтауға қойғанда немесе тасымалдағанда тоңазытқыш агент тізбегін зақымдап алмаңыз!
Буландырғыш түтіктері, тоңазытқыш агент тізбегі және беткі жабындар зақымдалмағанын тексеріңіз. Тоңазытқыш агенттің
көзге тиюінен сақ болыңыз, себебі ол көзді ауыр жарақаттауы мүмкін.
Ескі құрылғыны жылу және тұтану көздерінен алшақ сақтаңыз. Құрылғыдан тоңазытқыш агент ағып кеткенде тез тұтанғыш
болады.
Ескеріңіз: тоңазыту жүйесінде газдар мен тоңазытқыш агенттер бар, оларды айрықша қалдықтар ретінде утилизациялау
қажет.
Қаптаманы утилизациялау
Қаптау материалдарының барлығын қоршаған ортаға зиян тигізбейтін әдіспен утилизациялау керек.
Қатырма қағазды макулатура ретінде қолдануға болады. Қорғаныш үлдір мен поролон төсемшелер құрамында
хлорфторкөміртек жоқ.
Балалардың қаптамамен ойнауына жол бермеңіз және пластик қаптарды қауіпсіз жолмен жойыңыз.
Қатырма қағазды бүктеп немесе кесіп, макулатураны утилизациялау қызметіне тапсыруға болады.
Қоршаған орта туралы ескерту
Ақаулы электр құрылғыларды қайта өңдеуге болады және тұрмыстық қалдықпен жойылмайды! Осы құрылғыны
жинау орталығына қайтару арқылы бізге қор көздерін сақтап қалуға және қоршаған ортаны қорғауға қолдау
көрсетуіңізді сұраймыз.
182
түймелерін
KZ

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gsc2100b-nc