KZ
3M™ PELTOR™ ProTac III Slim гарнитурасы
MT13H220 (барлық өнім нұсқалары)
3M™ PELTOR™ ProTac III гарнитурасы
MT13H221 (барлық өнім нұсқалары)
3M™ PELTOR™ ProTac Hunter гарнитурасы
MT13H222 (барлық өнім нұсқалары)
3M™ PELTOR™ ProTac Shooter гарнитурасы
MT13H223 (барлық өнім нұсқалары)
1. КІРІСПЕ
Құттықтаймыз және 3M™ PELTOR™
байланыс шешімдерін таңдағаныңыз үшін
рахмет! Қорғалған байланыстың келесі
құрылымына қош келдіңіз.
1.1. МАҚСАТТЫ ҚОЛДАНЫСЫ
Бұл 3M™ PELTOR™ гарнитуралары
пайдаланушыға қоршаған орта
микрофондары арқылы айналадағы дыбысты
естуге және аудио құрылғыларды тыңдауға
мүмкіндік бере отырып, қауіпті шу
деңгейлерінен және жоғарғы дыбыстардан
қорғауды қамтамасыз етеді. Барлық
пайдаланушылардан берілген пайдаланушы
нұсқауларын оқу және түсіну, сондай-ақ, осы
құрылғыны пайдалана білу күтіледі.
1.2. ТАСЫҒЫШ
Осы құжатта қолданылатын дерек тасығышы
– бас қорғанысы, бет қорғанысы және/немесе
қорғаныстық емес құралдар.
2. ҚАУІПСІЗДІК
2.1. МАҢЫЗДЫ
Пайдалану алдында осы нұсқаулардағы
барлық қауіпсіздік ақпаратын оқып, түсініп
орындаңыз. Осы нұсқауларды келешек
анықтама үшін сақтаңыз. Қосымша ақпарат
немесе сұрақтар үшін 3M техникалық
қызметтерін көрсету орталығына
хабарласыңыз (байланыс ақпараты соңғы
бетте тізімделген).
!
ЕСКЕРТУ
Осы есту протекторы қауіпті шу және басқа
қатты дыбыстар әсерін азайтуға көмектеседі.
Есту қорғанысын дұрыс пайдаланбау немесе
дұрыс тақпау жағдайында қауіпті шу әсері
есту қабілетін жоғалтуға немесе жарақатқа
әкелуі мүмкін. Дұрыс пайдалану үшін
бақылаушыны, пайдаланушы нұсқауларын
қараңыз немесе 3M техникалық қызметтерін
көрсету орталығына хабарласыңыз. Егер шу
әсері (оның ішінде, оқ ату) барысында немесе
кейін есту қабілетіңіз нашарлай бастаса
немесе қоңырау не ызың естіле бастаса
немесе басқа себеппен есту мәселесі
туындаса, шулы ортадан бірден шығып,
медициналық көмек алыңыз және/немесе
бақылаушыға хабарласыңыз.
Осы нұсқауларды орындамау ауыр
жарақатқа немесе өлімге себеп болуы
мүмкін:
a. Бұл есту протекторы ойын-сауық аудио
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Музыка
тыңдау немесе басқа аудио байланысы
айнала жөнінде хабардар болу және белгілі
бір жұмыс ортасындағы ескерту
сигналдарын есту мүмкіндігін азайтуы
мүмкін. Сергек болып, аудио дыбыс деңгейін
ең төменгі қабылданатын деңгейге реттеңіз.
b. Жарылыстың тұтануымен байланысты
қауіптерді азайту үшін, бұл өнімді ықтимал
жарылу қаупі бар ортада пайдаланбаңыз.
Осы нұсқауларды орындамау
құлаққаппен берілген қорғанысты
азайтып, есту қабілетін жоғалтуға әкелуі
мүмкін:
a. 3M ұйымы есту протекторларының құлаққа
киілуін сынауды ұсынады. Зерттеу
нәтижелеріне сәйкес, іс жүзінде шуылдың
азаю деңгейі өнімнің қаптамасындағы
жапсырмада көрсетілген дыбыстың
төмендеуі мәндерінен азырақ болуы мүмкін
(құлаққаптардың өлшемінің адам
құлақтарына сәйкес болмауынан, сонымен
қатар пайдаланушының өнімді пайдалану
ережелерін мұқият орындамауынан).
Дыбыстың төмендеуі мәндерін түзету
жолдарын қолданыстағы ережелерден
немесе нұсқаулықтан қараңыз.
Қолданыстағы ережелер болмаған
жағдайда, әдеттегі қорғау деңгейін жақсырақ
бағалау үшін төмендету мәнін азайту
ұсынылады.
b. АҚШ қоршаған ортаны қорғау агенттігі
шуыл деңгейінің азаю деңгейінің NRR мәнін
есту протекторының шуылды басу өлшемі
ретінде көрсетеді. Дегенмен, 3M компаниясы
осы мақсатта NRR мәнінің тұрақтылығына
ешбір кепілдік бермейді. 3M ұйымы есту
протекторларының құлаққа киілуін сынауды
ұсынады. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, іс
116
116