kk
Қолдану
Назар аударыңыз!
Айналмалы кескіш диск қатты ірімшік,
нан, бөлке нан мен шоколадты турауға
арналмаған. Пісірілген, қатты пісірілген
картопты тек суық күйінде тураңыз.
Айналмалы үккіш диск –
үлкен / шағын
көкөніс, жиеміс пен ірімшікті үгуге
арналған, қатты ірімшіктен басқа
(мысалы, пармезан).
3қадамда (2) немесе 4қадамда (3) өңдеу.
Айналмалы үккіш дискідегі белгі:
үлкен үккіш жағы үшін «2»
шағын үккіш жағы үшін «4»
Назар аударыңыз!
Айналмалы үккіш диск жаңғақтарды үгуге
арналмаған. Жұмсақ ірімшікті үлкен
жағымен 7қадамда (4) үгіңіз.
Үйкелме диск – орташа
шикі картоп, қатты ірімшік
(мысалы, пармезан), суытылған шоколад
пен жаңғақтарды үгуге арналған.
7қадамда өңдеу (4).
Назар аударыңыз!
Үйкелме диск жұмсақ және тілім ірімшікті
үгуге арналмаған.
Асүйлік майдалағышпен жұмыс істеу
G суреті:
■ Босату түймесін басып,
айналмалы тұтқаны 2 күйіне
жылжытыңыз.
■ Ыдысты орнату:
Алға қарай еңкейтілген ыдысты енгізіп
тіреңіз, содан кейін сағат бағытына
қарсы тірелгенше бұраңыз.
■ Босату түймесін басып,
айналмалы тұтқаны 3 күйіне
жылжытыңыз.
■ Жетектің қорғаныс қақпағын асүйлік
майдалағыштың жетегінен алып
тастаңыз (G-5a суреті).
■ Диск ұстағышын астыңғы шетінен
ұстаңыз, ол үшін екі ұшты жоғары
қарату керек.
224
■ Қалаулы кескіш не үккіш дискіні диск
ұстағышының ұштарына мұқият
орнатыңыз (G-6a суреті).
Айналмалы дискілерде қалаулы жағы
жоғары қаратылғанына көз жеткізіңіз.
■ Диск ұстағышын жоғарғы шетінен ұстап,
корпусты орнатыңыз (G-6b суреті).
■ Қақпақты орнатып (белгіні
қадағалаңыз), сағат бағытымен
тірелгенше бұраңыз.
■ Асүйлік майдалағышты G-8 суретінде
көрсетілгендей жетекке орнатып, сағат
бағытымен тірелгенше бұраңыз.
■ Айналмалы ажыратқышты ұсынылған
қадамға қойыңыз.
■ Өңделетін азықтүлік өнімін құйғышқа
салып, жапқышпен жылжытыңыз.
Назар аударыңыз!
Туралатын өнімнің шығыс саңылауында
қалуына жол бермеңіз.
Кеңес: Біркелкі турау нәтижесіне жету
үшін жіңішке туралатын өнімді байлам
бойынша өңдеңіз.
Нұсқау: Өңделетін азықтүлік өнімдері
асүйлік майдалағышта бітеліп кетсе,
асүйлік комбайнды өшіріңіз, ашаны
розеткадан шығарыңыз, жетек тоқтағанша
күтіңіз, асүйлік майдалағыштың қақпағын
алып тастаңыз және құйғышты босатыңыз.
Жұмыстан кейін
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш
арқылы өшіріңіз.
■ Асүйлік майдалағышты сағат бағытына
қарсы бұрап, алып тастаңыз.
■ Қақпақты сағат бағытына қарсы бұрап,
алып тастаңыз.
■ Диск ұстағышын дискімен бірге алып
тастаңыз. Ол үшін саусақпен астынан
жетекші білікке қарсы басыңыз
(H суреті).
■ Бөлшектерді тазалаңыз.