ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар)
ЕСКЕРТУ
Еуропадағы пайдаланушылар үшін: Бұл құрылғыны 8
•
және одан жоғары жастағы балалардың және физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі
мен білімі жетіспейтін адамдардың оларға құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар беріліп, бақыланған
және қауіп-қатерді түсінген жағдайда пайдалануына болады.
Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз. Тазалау
және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балаларға
ересектердің бақылауынсыз орындауға болмайды.
Еуропадан басқа аймақтардағы пайдаланушылар үшін: Бұл
•
құрылғы олардың қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғыны
пайдалану бойынша қадағалау жүргізіп, нұсқаулар
бермейінше дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі,
сондай-ақ тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғаларға (соның
ішінде балаларға) пайдалануға арналмаған. Балалардың
құрылғымен ойнамауын қадағалау қажет.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Бұл желдеткіш 3 жылдамдықты басқару жүйесі, желдеткіш бастиегінің тербелісі және автоматты түрде
өшетін таймер функцияларымен жабдықталған. Қуат көзі ретінде Makita аккумулятор картриджін
немесе АТ адаптерін пайдалануға болады.
Үлгі:
Номиналды кернеу
АТ адаптері
Өлшемдері (Ұ x Е x Б)
Таза салмағы (аккумулятор картриджін қоспағанда)
•
Зерттеу мен әзірлеудің үздіксіз бағдарламасына байланысты осы құжаттағы техникалық сипаттамалар
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
•
Техникалық сипаттамалары әр елде әр түрлі болуы мүмкін.
Жарамды аккумулятор картриджі мен зарядтау құрылғысы
Аккумулятор картриджі
Зарядтау құрылғысы
•
Жоғарыда берілген аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының кейбірі сіздің тұрып
жатқан жеріңізге байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Тек жоғарыда аталған аккумулятор катридждері мен зарядтау құрылғыларын ғана
пайдаланыңыз. Аккумулятор картридждері мен зарядтау құрылғыларының басқа түрлерін пайдалансаңыз,
жарақат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін.
Кірісі
Шығысы
216 ҚАЗАҚША
CF002G
36 В - 40 В ТТ макс.
100 - 240 В, 50 / 60 Гц, 1,2 A макс.
12 В, 3,5 А
261 x 439 x 602 мм
3,8 кг
BL4020 / BL4025 / BL4040 / BL4050F
DC40RA / DC40RB / DC40RC