Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GST 150 BCE Manual Original página 141

Ocultar thumbs Ver también para Professional GST 150 BCE:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 28
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (7) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
0 деңгейі
тербеліс жоқ
I деңгей
кіші тербеліс
II деңгей
орташа тербеліс
III деңгей
үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс басқышы сынақ
тәжірибемен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік шеті қанша нәзік және таза болуы керек болса,
тербеліс басқышын сонша кіші реттеңіз немесе
толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты талшықтар
бағытында аралаған кезде максималдық тербеліспен
жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (I суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (5) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға
қырылуы мүмкін.
Қаптаманы (16), аспирациялық келте құбырды (17) және
жарылудан сақтайтын пластинаны (15) қиғаш кесік жасау
кезінде пайдалану мүмкін емес.
– Аспирациялық келте құбырды (17) сәл жоғары итеріп,
оны тіреу тақтасынан (5) тартып шығарыңыз.
– Қаптаманы (16) және жарылудан сақтайтын
пластинаны (15) алып тастаңыз.
– Бұранданы (19) алты қырлы дөңбек кілтпен (4)
босатып, тіреу тақтасын (5) желілік кабельге қарай
азғантай жылжытыңыз.
– Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасының оң
жән сол жағында бірнеше тірелу нүктесі бар. Тіреу
тақтасын (5) шкалаға (20) сәйкес қажетті күйге
қисайтыңыз. Басқа еңіс бұрыштарын бұрыш өлшегіші
арқылы реттеуге болады.
– Содан кейін тіреу тақтасын (5) ара дискісіне (10)
қарай тірелгенше жылжытыңыз.
– Бұранданы (19) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тіреу тақтасын жылжыту (I суретін қараңыз)
Шетке жақын аралау үшін тіреуіш тақтаны (5) арқыға
жылжытуға болады.
Bosch Power Tools
Бұранданы (19) босатып, тіреу тақтасын (5) желілік
кабельге қарай тірелгенше жылжытыңыз.
(19) бұрандамасын қайта берік бұрап қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасымен (5) аралау тек 0° еңіс
бұрышында орындалуы мүмкін. Оған қоса параллель
тіректі айналатын кескішпен (23) (керек-жарақ) және
жарылудан сақтайтын пластинамен (15) бірге
пайдалануға болмайды.
Жоңқа үрлеу құрылғысы
Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын
жоңқалардан бос сақтауға болады.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын жоңқаның үлкен
шығарылымымен ағаш, пластик және т.с.с. бойынша
жұмыс істеу үшін қосыңыз. Ол үшін реттегіш қосқышты
(6) "I" күйіне жылжытыңыз.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын металл бойынша
жұмыс істеу үшін және шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз. Ол үшін қосқышты (6) "0" күйіне жылжытыңыз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру (GST 150 CE)
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (2) ауыстырып-
қосқышта "І" көрсетілетіндей алға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2)
ауыстырып-қосқышта "0" көрсетілетіндей артқа
жылжытыңыз.
Қосу/өшіру (GST 150 BCE)
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (2)
басыңыз.
Қосқыш/өшіргішті бекіту үшін (2) оны қысып ұстап
ысырманы (1) оңға немесе солға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2)
жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (2) бұғатталған болса оны
алдымен басып сосын жіберіңіз.
Тұрақты электроника
Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі
тербелістер жиілігін тұрақты дерлік ұстайды және
біркелкі өнімділікті қамтамасыз етеді.
Жүріс санын басқару (GST 150 BCE)
Қосқышты/өшіргішті (2) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (2) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Қазақ | 141
1 609 92A 4VE | (04.04.2019)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Professional gst 150 ce