Descargar Imprimir esta página

Bosch GBH 36 VF-LI Plus Professional Manual Original página 172

Ocultar thumbs Ver también para GBH 36 VF-LI Plus Professional:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 31
OBJ_BUCH-283-014.book Page 172 Thursday, August 17, 2017 3:16 PM
172 | Қaзақша
Бетон немесе тасты перфораторлық
бұрғылау күйі
Ағаш, метал, керамика және пластмассаны
қағусыз бұрғылау және бұранда қою күйі
Vario-Lock күйі кескіш күйін өзгерту үшін
Бүл күйде қағуды/айналуды тоқтату
қосқышы 13 тірелмейді.
Күйін Оюға
Айналу бағытын орнату
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 8 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 10 басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 8
күйінде тірелгенше жылжытыңыз.
Солға айналу: Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын
8
күйінде тірелгенше жылжытыңыз.
Перфораторлық бұрғылау, бұрғылау және ою үшін айналу
бағытын әрдайым оңға реттеңіз.
Қосу/өшіру
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті басыңыз
10.
Электр құралын алғашқы рет қосу кезінде аз бөгелу болуы
мүмкін, себебі электр құралының электроникасы өзін
конфигурациялауы қажет.
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 10 жіберіңіз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Қосқышты/өшіргішті 10 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын
біртіндеп реттеуге болады.
Қосқыш/өшіргішке 10 жай басу төмен
айналымдар/қағулар санын қосады. Басу күшейсе
айналымдар/қағулар саны көбейеді.
Electronic Precision Control (EPC) (L суретін қараңыз)
EPC сезімді материалдарды қағуда жай екпінмен
төмендетілген жұмыс айналымдар саны арқылы
көмектеседі.
– EPC қосқышын 30 керекті күйге жылжытыңыз.
1 609 92A 3XU | (17.8.17)
Максималды жұмыс айналымдар саны үшін
күй
Жай екпін мен тқмендетілген жұмыс
айналымдар саны үшін күй
Қорғауыш жалғастырғыш
 Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында
пайда болатын күштер себебінен электр құралын
екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
 Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Жылдам өшіру (Kickback Control)
Жылдам өшіру (Kickback Control) электр құралының
дұрыс басқарылуына мүмкіндік береді. Кездейсоқ және
күтілмеген ретте электр құралы бұрғы айналасында
айналса электр құралы өшеді.
– Қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті жіберіп қайта
пайдаланыңыз.
Жылдам өшіру электр құралда жұмыс шамы 14
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
 Жылдам өшу тек электр құралдын максималды
жұмыстық айналымдар санымен жұмыс істеп
бұрғылау машинасының осінде еркін айналғанда
ғана жұмыс істеуі мүмкін.
Температураны бақылау индикаторы
Температураны бақылау индикаторының 19 қызыл жарық
диоды электр құралының аккумуляторы немесе
электроникасы (аккумулятор салынған күйде) оптималды
температура аймағында болмауын білдіреді. Бұл
жағдайда электр құралы жұмыс істемейді немесе толық
қуатпен жұмыс істемейді.
Аккумулятор температурасын бақылау:
– Қызыл жарық диоды 19 аккумуляторды зарядтау
құралына салғаннан соң үздіксіз жанады: аккумулятор
зарядтау температурасының 0 °C-тан 45 °C-ге шейін
болған аралықта болмай зарядталмайды.
– Қызыл жарық диоды 19 21 пернесін немесе
косқыш/ажыратқышты 10 басқанда (аккумулятор
салынған жағдайда) жыпылықтайды: аккумулятор
рұқсат етілген пайдалану температурасының
аралығында емес.
– Аккумулятор температурасы 70 °C-тан жоғары болса
электр құралы аккумулятор оптималды температурада
болмағанынша өшеді.
Электр құралы электроникасының температурасын
бақылау:
– Қызыл жарық диоды 19 косқыш/өшіргішті 10 басқанда
үздіксіз жанады: электр құралы электроникасының
температурасы 5 °C-тан төмен немесе 75 °C-тан
жоғары.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Gbh 36 v-li plus professional