Зарядтау аяқталғанда шығатын әуенді өзгерту
1.
Аккумулятор картриджін зарядтау құрылғысына салғанда, зарядтаудың аяқталғандығын білдіретін
алдын ала орнатылған қысқа әуендердің ішінен ең соңғысы ойнатылады.
2.
Осы әрекеттен кейін оны бес секундқа шығарып, қайта салсаңыз, әуен дыбысы өзгереді.
3.
Оны бес секундқа шығарып, қайта салған сайын, әуен дыбысы ретімен өзгеріп отырады.
4.
Кезек қажетті әуен дыбысына жеткен кезде, аккумулятор картриджін құрылғыда қалдырыңыз; зарядтау
басталады. "Қысқа дыбыстық сигнал" режимі таңдалғанда, зарядтаудың аяқталғандығын білдіретін
ешқандай сигнал шықпайды. (Дыбыссыз режим)
5.
Зарядтау аяқталған кезде, зарядтау шамы жасыл түсті болып жанып, салынған аккумулятор
картриджіндегі алдын ала орнатылған әуен дыбысы немесе зарядталудың аяқталғанын ескертетін
дыбыстық сигнал (ұзақ дыбыстық сигнал) естіледі. (Дыбыссыз режим таңдалғанда, ешқандай дыбыстар
шықпайды.)
6.
Алдын ала орнатылған әуен дыбысы зарядтау құрылғысы ажыратылған кезде де сақталады.
Суыту жүйесі
Бұл зарядтау құрылғысы қызған аккумуляторды
суытуға арналған желдеткішпен жабдықталған.
Ол аккумулятордың толық жұмыс өнімділігін
қамтамасыз етеді. Суыту кезінде суытатын ауаның
дыбысы естіледі. Бұл зарядтау құрылғысында ақау
бар екендігін білдірмейді.
Көк және қызыл түсті шам келесі жағдайлар орын
алғанда кезек-кезек жыпылықтайды.
•
Суыту желдеткішіндегі ақау
•
Аккумулятордың толық суымауы (мысалы, шаң
толып қалуына байланысты)
Аккумулятор көк және қызыл түсті шам жанса да
кезек-кезек зарядтала береді. Бірақ зарядтау уақыты
әдеттегіден ұзағырақ болады. Суыту желдеткішінің
дыбысын, сондай-ақ зарядтау құрылғысы мен
аккумулятордағы желдету саңылауында шаң толып,
бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Зарядтау құрылғысы мен аккумулятордағы желдету
саңылауын әрқашан таза ұстаңыз.
► Сурет3: 1. Ауа шығу желдеткіші 2. Ауа кіру
жетдеткіші
ЕСКЕРТПЕ: Суыту жүйесі көк және қызыл түсті
шам жыпылықтамай, салқындату желдеткішінен
ешқандай дыбыс шықпаған жағдайда да дұрыс
жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Егер көк және қызыл түсті шам кезек-
кезек жиі жыпылықтаса, өнімдерді жөндетуге
немесе техникалық қызмет көрсетуге жіберу қажет.
126 ҚАЗАҚША