Descargar Imprimir esta página

STERWINS 250 TP-3 Instrucciones De Montaje, Utilización Y Mantenimiento página 135

Ocultar thumbs Ver también para 250 TP-3:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 21
Сорғыға зақым келу қаупі бар!
Егер сүзгісіз болса: қажет емес бөлшектер
(құм, тастар және т.б.) сорғыға зақым келтіруі
мүмкін. Осындай жолмен келтірілген кез келген
залал біздің кепілдікке кірмейді»
Сорғыға зақым келу қаупі бар!
Сору және айдау қосқыштарындағы шланг
адаптерлері қосқыштардың зақымдалуын
болдырмас үшін тек қолмен бекемделуі керек.
Егер су қосқыштан ағып кетсе, онда «түйіспе
қосылысты тефлон таспамен (берілмеген)
тығыздап жабыстырыңыз.
• Сору шлангісін судың сорғыға ағатын нүктесінен жоғары болатындай етіп
орналастырыңыз. Сору шлангісін сорғының үстіне орнатпаңыз, себебі бұл ауа
көпіршіктерінің шығарылуын кешіктіреді және толтыру процесін қиындатады.
• Егер су деңгейі түсіп кетсе, сорғы құрғақ күйінде жұмыс істемейтініне көз жеткізу үшін,
тексеру клапанының соңы суда жеткілікті деңгейде төмен болуы керек.
• Сұйықтығы жылыстайтын сору шлангісі судың орнына, ауаны тартып алады.
Қысқыштың дұрыс бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
• Сорғыштың биіктігі 3 м-ден асатын болса, сору шлангісін бекітуді ұсынамыз (мысалы,
оны ағаш тірекке бекіту). Бұл сорғышты сору шлангісінің салмағынан босатады.
• Кіретін және шығатын құбырларды сорғы механикалық кернеуге ұшырамайтындай
етіп орнатыңыз.
Сорғыны толтыру
Алдымен толтыру кезінде сорғыдағы ауаны шығару үшін, толтыру тығынын бұрап
алыңыз.
Айдау қосқышы арқылы сорғыны таза сумен толтырыңыз. Сорғыдағы ауаны толығымен
кетіру үшін, толтыру баяу жүргізілуі керек. Су төгілгенше толтырып, ағызу тығынын
орнына салыңыз. Бұл өздігінен толатын сорғы болмағандықтан, сору құбырын да
толтыру керек. Толтыру кезінде уақытты үнемдеу үшін сорғыны қоспас бұрын, сору
құбырын алып тастап, оны тікелей толтыра аласыз (мысалы, сору құбырын суға батыру
арқылы).
Сору биіктігі мен сору шлангісіндегі ауа мөлшеріне байланысты толтыру 1 минуттан
5  минутқа дейін созылуы мүмкін. Егер одан көп уақыт кететін болса, сорғыны сумен
толтыру керек.
3.2 -сурет
Қайта толтырмас бұрын әрдайым ашаны розеткадан ажыратыңыз!
Айдау шлангісін қосу
Автоматтандыру және айдау шлангісін орнату үшін суретті қараңыз.
Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін, диаметрі 25 мм болатын шланг ұсынылады.
2.4 f 2.6 -суреттер]
2.8 -сурет
135
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN

Publicidad

loading