Descargar Imprimir esta página

Makita CF003G Manual De Instrucciones página 234

Ocultar thumbs Ver también para CF003G:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 45
9.
Өндіруші берген АТ адаптері мен зарядтау
құрылғысын ғана пайдаланыңыз. Бұл
құрылғыға сәйкес келетін керек-жарақтар басқа
құрылғыларда пайдаланылса, қауіпті жағдай
орын алуы мүмкін.
10. Аккумуляторды сыртта қуаттамаңыз.
Оттан немесе жоғары температуралардан
11.
аулақ ұстаңыз.
12. Жанып тұрған оттың, бықсып жатқан күлдің
жанында немесе тұтанғыш сұйықтықтары,
газдары немесе тозаңы бар орталар сияқты
жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз.
Құралдан шаңды немесе газды тұтандыратын
электр ұшқындары шығады.
13. Құрылғыны жуынатын бөлме сияқты
ылғалды орталарда әсте пайдаланбаңыз.
14. Бұл құрылғы тек ғимарат ішінде
пайдалануға арналған. Құрылғыны сыртта
мүлде пайдаланбаңыз.
15. Пайдалану алдында осы нұсқаулықты және
зарядтау құрылғысының нұсқаулығын
мұқият оқып шығыңыз.
16. Оқыс жағдайда, жұмысты дереу тоқтатыңыз.
17. Құрылғыны құлатып немесе соғып алсаңыз,
пайдалану алдында жарылып кетпегенін
немесе зақымдалмағанын мұқият тексеріңіз.
18. Құрылғыны пештерге немесе басқа жылу
көздеріне жақындатпаңыз.
19. Сынған, майысқан, жарылған немесе
зақымдалған бөліктері бар болса,
пайдаланбаңыз. Кез келген жолмен
зақымдалған немесе әдеттен тыс жұмыс
істейтін құрылғыларды қолданыстан шығару
қажет. Әр қолданыс алдында қарап тексеріңіз.
20. Құралды қуат көзіне қосылып тұрған күйде
және қараусыз қалдырмаңыз.
21. АТ адаптерін дұрыс пайдаланыңыз.
Құрылғыны адаптер кабелінен ұстап
әсте тасымаңыз немесе розеткадан
ажыратпаңыз. АТ адаптерін ыстық заттарға,
майға, үшкір қырларға немесе қозғалатын
бөлшектерге жақындатпаңыз. Зақымдалған
адаптерді дереу ауыстырыңыз. Зақымдалған
адаптер салдарынан ток соғу қаупі артады.
АККУМУЛЯТОРЛЫ ЖЕЛДЕТКІШТІ
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ
КӨРСЕТУ
Қолданысыңызға сәйкес келетін аккумуляторлы
1.
желдеткішті пайдаланыңыз. Желдеткішті тек өз
мақсатына сай қолданыңыз.
2.
Құрылғы осы нұсқаулықтағы
«ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР» бөлімінде
көрсетілген Makita компаниясының литий-
ион аккумулятор картриджімен немесе
айнымалы ток адаптерімен істей алады. Кез
келген басқа аккумуляторды пайдалансаңыз,
өрт шығуы мүмкін.
3.
Аккумуляторларды арнайы зарядтау
құрылғысымен ғана қуаттаңыз. Бір
аккумуляторға сәйкес келе алатын зарядтау
құрылғысын басқа аккумуляторға пайдалану
салдарынан өрт шығуы мүмкін.
4.
Пайдаланбаған кезде, құрылғыны
балалардың және басқа да арнайы
оқымаған адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Құрылғыны сақтау, қарап тексеру,
5.
техникалық күтімін жасау немесе тазалау
процедураларын орындамай тұрып,
аккумулятор картриджін және АТ адаптерін
қуат көзінен ажыратыңыз. Осындай сақтық
шаралары құрылғының абайсызда іске қосылу
қаупін азайта алады.
6.
Пайдаланбаған кезде, аккумулятор
картриджін басқа металл заттарға
жақындатпаңыз. Аккумулятор клеммаларын
қысқа тұйықтасаңыз, ұшқындар шығуы, күйіп
қалуыңыз немесе өрт шығуы мүмкін.
7.
Қарап тексеру, техникалық күтімін жасау,
тазалау процедураларын орындау немесе
сақтау алдында, құрылғыны қуат көзінен
ажыратыңыз және суытып алыңыз.
Құрылғымен жұмыс істеп машықтанған
8.
соң, оны немқұрайды пайдаланбаңыз.
Бір секунд басқа нәрсеге алаңдау ауыр
жарақаттануға жеткілікті екенін ескеріңіз.
9.
Құрылғыны әрдайым тегіс және орнықты
бетке қойыңыз. Құрылғы құласа, адам
жарақаттануы немесе құрылғы зақымдалуы
мүмкін.
10. Осы құрылғының өндірушісі ұсынбаған
аккумуляторларды, қондырмаларды
немесе керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
Ұсынылмаған аккумуляторларды,
қондырмаларды немесе керек-жарақтарды
пайдалансаңыз, ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
11.
Шашты немесе шарф сияқты салбыраған
киімді желдеткішке жақындатпаңыз. Ол
желдеткішке ілініп, адамды жарақаттауы
мүмкін.
12. Құрылғыны жинау немесе тасымалдау
алдында ауыстырып-қосқыш өшірулі күйде
екеніне көз жеткізіңіз. Саусағыңызды
ауыстырып-қосқышқа қойып, құрылғыны
тасымалдау жазатайым оқиғаларға әкеледі.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1.
Бұл құрылғының жөндеу жұмыстарын
тек білікті жөндеу мамандары орындауы
тиіс. Жөндеу жұмыстарын немесе техникалық
күтімді білімі жоқ қызметкерлер орындаса,
адам жарақаттануы мүмкін.
2.
Осы құрылғыны жөндеген кезде, бірдей
қосалқы бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.
Мақұлданбаған бөлшектерді пайдалансаңыз
немесе техникалық күтім нұсқауларын
орындамасаңыз, ток соғуы немесе адам
жарақаттануы мүмкін.
Қатты зақымдалса да, бұл құрылғыны отқа
3.
жақпаңыз. Аккумуляторлар отта жарылып
кетуі мүмкін. Құрылғыны тұрғылықты
жеріңіздегі ережелерге сәйкес қоқысқа
тастаңыз.
234 ҚАЗАҚША

Publicidad

loading