OBJ_BUCH-947-007.book Page 184 Friday, July 8, 2016 10:44 AM
184 | Қaзақша
1,2 вольттық аккумулятормен 1,5 вольттық батареяларға
салыстырғанда кемірек өлшеулерді орындау мүмкін.
Батарея бөлімін 22 ашу үшін ысырмасын 23 күйіне бұрап
батарея бөлімін тартып шағарыңыз.
Батарея немесе аккумуляторларды салғанда полюстері
батарея бөліміндегі суретке сай ретте дұрыс тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Батарея белгісі алдымен
дисплейде пайда болғаннан
соң кемінде 100 бөлек өлшемдерді орындауға болады.
Ұзақтық өлшеу функциясы өшірілген.
Егер батарея белігісі
жыпылықтаса батареяларды
немесе аккумуляторды алмастырыңыз. Өлшеулерді
орындау мүмкін емес.
Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей
алмастырыңыз. Тек бір өңдірушінің және қуаты бірдей
батареялар немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны немесе
аккумуляторларды өлшеу құралынан алып
қойыңыз. Ұзақ уақыт жатқан батареялар немесе
аккумуляторлар тот басуы және зарядын жоғалтуы
мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны
мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен
температуралық ауытқулары жағдайында алдымен
өлшеу құралының температурасын дұрыс
пайдаланыңыз.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан алдын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек ("Өлшеу құралының
дәлдігін тексеру", 190 бетін қараңыз).
Қосу/өшіру
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Өлшеу құралын қосу үшін төмендегі мүмкіндіктер бар:
– Қосу-өшіру түймесіне 16 басыңыз: өлшеу құралы
қосылып ұзындық өлшеу функциясында болады. Лазер
қосылмайды.
– Өлшеу түймесіне қысқа басыңыз 7: өлшеу құралы мен
лазер қосылады. Өлшеу құралы ұзындық өлшеу
функциясында тұрады.
– Өлшеу түймесіне ұзақ басыңыз 7: өлшеу құралы мен
лазер қосылады. Өлшеу құралы үздіксіз өлшеу
функциясында тұрады.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
1 609 92A 1YW | (8.7.16)
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру түймесіне 16 ұзақ
уақыт басыңыз.
Егер шам. 5 мин соң өлшеу құралында ешбір түйме
басылмаса, өлшеу құралы батерея зарядын сақтау үшін
автоматты өшеді.
Автоматты өшуде сақталған көлемдердің барлығы
сақталады.
Өлшеу әдісі
Қосудан соң өлшеу құралы әрдайым ұзындық өлшеу
функциясында немесе үздіксіз өлшеу функциясында
тұрады. Басқа өлшеу функцияларын функциялық пернені
басып реттеуге болады ("Өлшеу функциялары", 185 бетін
қараңыз).
Өлшеудің негізгі жазықтығы қосудан соң өлшеу
құралының артқы қыры таңдалады. Негізгі жазықтық 8
түймесін басып негізгі түймені өзгерту мүмкін ("Негізгі
жазықтықты таңдау (A мен–E суреттерін қараңыз)", 184
бетін қараңыз).
Өлшеу функциясы мен негізгі жазықтық таңдалғаннан соң
қалған қадамдар өлшеу 7 пернесін басу арқылы
орындалады.
Өлшеу құралын таңдалған негізгі жазықтықпен керекті
өлшеу сызығына (мысалы, қабырғаға) қойыңыз.
Лазер сәулесін қосудан соң өлшеу 7 түймесін қысқа
басыңыз.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Лазер сәулесімен өлшенетін аймақты белгілеңіз. Өлшеуді
бастау үшін өлшеу түймесіне 7 қайта қысқа басыңыз.
Қосулы үздіксіз лазер сәулесі жағдайында өлшеу өлшеу 7
түймесін алғашқы рет басқанда басталады. Үздіксіз өлшеу
функциясында өлшеу функция қосылғаннан соң
басталады.
Өлшеу көлемі әдетте 0,5 сек пен ең ұзағы 4 сек ішінде
пайда болады. Өлшеу ұзақтығы қашықтықтан, жарықтық
жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне
байланысты. Өлшеу аяқталуы сигналдық дыбыс арқылы
көрсетіледі. Өлшеуді аяқтағаннан соң лазер сәулесі
автоматты ретте өшеді.
Нысанаға алудан соң шам. 20 сек өлшеу орындалмаса,
лазер сәулесі батареялар зарядын сақтау үшін автоматты
өшеді.
Негізгі жазықтықты таңдау (A мен–E суреттерін
қараңыз)
Өлшеу үшін төрт түрлі негізгі жазықтықтардың арасынан
таңдау мүмкін:
– өлшеу құралының артқы шеті немесе жанға
қайырылған тіреуіш штифттің 18 алғы шеті (мысалы,
сыртқы бұрыштарда қойғанда),
– артқа қайырылған тіреуіш штифттің ұшы 18 (мысалы
бұрыштардан өлшеуде),
– өлшеу құралының алғы қыры (мысалы үстел қырынан
өлшеуде),
– бұранда 21 (мысалы штативпен өлшеуде).
Bosch Power Tools