6.1
Қосу
5
1. Қосқыш/ажыратқыштың артқы бөлігін басыңыз.
2. Қосқыш/ажыратқышты алға жылжытыңыз.
3. Қосқыш/ажыратқышты бекітіңіз.
▶ Қозғалтқыш үздіксіз жұмыс істеп тұр.
6.2
Ажарлау/жылтырату
1. Шаңжинағышты жалғастырғыш келте құбырға жалғаңыз.
2. Ажарлағыш білдекті жұмыс бетінен көтеріңіз.
3. Айналу жиілігінің деңгейлеріне арналған түймелер арқылы қалаулы айналу жиілігінің деңгейін
орнатыңыз.
▶ Ұсақ ажарлағыш төсемемен ұсақ ажарлауға/жылтыратуға арналған 1- және 2-деңгей.
▶ Алмас тостаған тәрізді ажарлағыш дөңгелекпен ажарлауға/қабатты кетіруге арналған 3-6
деңгейі.
4. Ажарлағыш білдекті қосыңыз. → Бет 333
▶ Ажарлағыш білдек енді үздіксіз жұмыс режимінде істеп тұр.
5. Ажарлағыш білдекті алмалы-салмалы аспап арқылы толықтай орнатып, алға-артқа жылжытыңыз.
6. Орташа қысыммен жұмыс істеңіз және ажарлағыш білдекті материалға итермеңіз.
6.3
Өшіру
7
▶ Қосқыш/ажыратқыштың артқы бөлігін басыңыз.
▶ Қосқыш/ажыратқыш өшірулі күйіне орнатылып, қозғалтқыш тоқтатылады.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
•
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
•
Бр болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
•
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
•
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
•
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
•
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз. Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жи-
налуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен
тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик
бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден
кетіріңіз.
•
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
•
Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
•
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді
міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
*2359096*
6
2359096
Қазақ
333