152 | Қазақ
төсемдеріне шолу бөлімін қараңыз). Бұл аралау кезінде
ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Жеңіл материалдарды (минералды толтырғыштары
бар материалдар) аралау (GKS 65 GCE)
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде
u
материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен
ұсыныстарын орындаңыз.
Жеңіл құрылыс материалдарын тек құрғақ күйде және тек
шаңсорғышпен бірге аралауға рұқсат етіледі. Әрқашан
бағыттауыш шинамен (30) (керек-жарақ) бірге жұмыс
істеңіз.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек.
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Параллельді тіреуішпен аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (11) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қатпарлы бұрандаманы (7) босатып параллельді тірек
(11) шкаласын тіреу тақтасының (13) бағыттауышында
жылжытыңыз. Керекті кесу енін тиісті (9) немесе (10)
кесу белгісінде шкалалық мән ретінде орнатыңыз, "Кесу
белгілері" тарауын қараңыз. Қатпарлы бұрандаманы (7)
қайтадан берік бекітіңіз.
Көмек тіреуішпен аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Бағыттауыш шинамен бірге аралау (GKS 65 G/GKS 65
GCE) (F суретін қараңыз)
Бағыттауыш шина (30) көмегімен тік кесіктерді
орындауға болады.
1 609 92A 4LP | (19.11.2018)
Бағыттауыш шинаның резеңке жиегі ағашты аралау
кезінде материалдың шығып кетуін болдырмайды. Ол
үшін ара төсемі тікелей резеңке жиекке тістерімен
тақалып тұруы керек.
Алғаш рет аралау алдында бағыттауыш шина (30)
көмегімен резеңке жиекті пайдаланылатын дискілік
арамен туралау керек. Ол үшін бағыттауыш шинаны (30)
дайындаманың бүкіл ұзындығына қойыңыз. Шамамен
9 мм аралау тереңдігін орнатыңыз және аралаудың тік
бұрышын реттеңіз. Дискілік араны қосыңыз және жайлап
басып, аралау бағытында жүргізіңіз.
Жалғағыш бөліктің (31) көмегімен екі бағыттауыш
шинаны байланыстыруға болады. Бекіту жалғау
бөлшегінде орналасқан төрт винт көмегімен жүзеге
асырылады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Шаң мен жоңқаларды жаққышпен алып
тастаңыз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар
пайда болады.
Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу
сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін
аралау дискілерін тазалаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз:
www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
Bosch Power Tools