Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GWS 750 Manual Original página 187

Ocultar thumbs Ver también para Professional GWS 750:

Publicidad

OBJ_BUCH-2565-001.book Page 188 Monday, November 2, 2015 2:38 PM
188 | Қaзақша
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Leinfelden, 02.11.2015
Жинау
Қорғаныш жабдықтарын орнату
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ескертпе: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса
немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары
бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу
керек, мекенжайларды "Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері" тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғайтын қаптаманы 7 шпиндель мойыншасына
орнатыңыз. Қорғайтын қаптаманың 7 күйін жұмыс
барысының талаптарына сай орнатыңыз. Қорғайтын
қаптаманы 7 бекіткіш бұранданы 8 комби кілтпен 4 / 5
тартып бекітіңіз.
 Қорғағыш қаптаманы 7 оператордың жағына қарай
ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
Нұсқау: Қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
7 тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 14
пайдаланыңыз.
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама 14 сонымен бірге тегістеуге арналған
қорғағыш қаптама 7 ретінд де орнатылады.
Қосымша тұтқа
 Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа 3 менен
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны 3 редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Қол қорғағышы
 Резеңке тегістеу тәрелкесімен 17 немесе тостаған
тәрізді қылшақпен/дискілік щеткамен/жапырақ
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын 16 орнатыңыз.
Қол қорғағышын 16 қосымша тұтқа 3 көмегімен бекітіңіз.
1 609 92A 1CR | (2.11.15)
Ажарлауыш құралдарын орнату
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін 6 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді
бекіту түймесін 1 басып, шпиндельді бекітіңіз.
 Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату
тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмас кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмас кесу
шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткісі электр
құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз
(редукторлық бастағы көрсеткіні қараңыз).
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тегістеу/кесу шеңберін бекіту үшін қысқыш сомынды 11
орнатыңыз және комби кілтпен 4/5 тартыңыз, "Жылдам
қысқыш сомын" бөлімін қараңыз.
 Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш
қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей
айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
M 14 ажарлау шпинделі үшін
қысқыш фланец: Ортаға келтіретін
буртиктің тірек фланецінде 9
пластмасса бөлшек (дөңгелек
қимасы бар сақина) бар. Дөңгелек
қимасы бар сақина жоқ немесе
зақымдалған болса, ары қарай
пайдаланбай тұрып тірек фланецті 9
міндетті түрде ауыстыру керек.
M 10 ажарлау шпинделі үшін
қысқыш фланец: Қысқыш фланецті
екі жағынан пайдалану мүмкін.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
 Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстарда
әрқашан қол қорғағышын 16 пайдаланыңыз.
Резеңке тегістеу тәрелкесі
 Резеңке тегістеу тәрелкесімен 17 жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын 16 киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Дөңгелек сомынды 19 орнатыңыз және комби кілтпен 4/5
бекемдеңіз.
Bosch Power Tools

Publicidad

loading