270 | Қазақ
қорғаныш қаптамаға (12) қатты басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (B суретін қараңыз) қапсырмадағы
түймені басып (➊), кері қайырыңыз (➋). Қаптаманы (14)
қорғаныш қаптамадан (12) тартып алыңыз (➌).
Пластиктен жасалған кесуге арналған қаптама
Пластиктен жасалған кесуге арналған жабынды (14)
ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (12) орнатыңыз
(C суретін қараңыз). Жабын (14) қорғаныш
қаптамада (12) шерту дыбысымен және көрінетіндей
тіреледі.
Бөлшектеу үшін (D суретін қараңыз) қорғаныш
қаптамадағы (12) (➊) жабынды (14) сол немесе оң жаққа
босатып, жабынды тартып шығарыңыз (➋).
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары бар кесуге арналған қорғаныш
қаптама (35) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамамен
бірдей орнатылады.
Қосымша тұтқаны (8)/(7) сорғыш қаптамадағы қапсырма
арқылы редуктор корпусына бекіту арқылы электр
құралы сорғыш қаптамамен берік байланыстырылады.
Бағыттауыштары бар сорғыш қаптамаға (35) арнайы
Bosch шаңсорғышын жалғауға болады. Ол үшін сорғыш
шлангіні сору адаптерімен сорғыш қаптаманың арнайы
бекіткіш саңылауына енгізіңіз.
Нұсқау: сору кезінде сорғыш шлангідегі және керек-
жарақтағы шаңнан пайда болған үйкеліс
электрстатикалық зарядты тудырады, пайдаланушы бұл
зарядты статикалық разряд ретінде сезуі мүмкін
(қоршған ортаға және өзінің физиологиялық қалпына
байланысты). Bosch компаниясы жалпы бойынша ұсақ
шаңды және құрғақ материалдарды сору үшін
антистатикалық сорғыш шлангіні (керек-жарақ)
пайдалануға кеңес береді.
Қол қорғағышы
Резеңке ажарлау тәрелкесімен (28) немесе
u
тостаған тәрізді қылшақпен/конустық қылшақпен/
алмас бұрғылау коронкасымен жұмыс істеу үшін
әрдайым қол қорғанысын (27) киіп жүріңіз.
Қол қорғанысын (27) қосымша тұтқамен (8)/(7) бекітіңіз.
Стандарты қосымша тұтқа/діріл басқыш қосымша
тұтқа
Қосымша тұтқаны (8)/(7) жұмыс тәсіліне байланысты
редуктор бастиегінің оң немесе сол жағына бұрап
бекітіңіз.
Электр құралын тек қосымша тұтқамен бірге
u
пайдаланыңыз: (8)/(7).
Қосымша тұтқа (8)/(7) зақымдалған жағдайда,
u
электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз.
Қосымша тұтқаға (8)/(7) ешқандай өзгерістер
жасамаңыз.
Діріл басқыш қосымша тұтқа (7)
дірілсіз және жайлы әрі қауіпсіз
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
1 609 92A 8XF | (03.08.2023)
Ажарлауыш құралдарын орнату
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (26) және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін
шпиндельді бекіту түймесін (3) басып, шпиндельді
бекітіңіз.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
u
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату
тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмас кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмас кесу
шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткісі электр
құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз
(редукторлық бастағы көрсеткіні қараңыз).
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Ажарлау/кесу дискісін бекіту үшін жылдам тартқыш
сомынды (22) басқа аспапсыз пайдаланыңыз.
Нұсқау: композиттік ажарлағыш немесе кескіш
дискілерді жеткізілім жиынтығындағы тірек
фланецінің (15) және жылдам қысқыш гайканың (22)
көмегімен монтаждау кезінде аралық қабаттарды
пайдалану қажет болады.
Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін тығыздауыш
сақинасы бар тірек фланецін (15) ажарлау
шпинделіне (26) енгізіп, жылдам қысқыш гайканы (22)
бұрап орнатыңыз.
Жылдам тартқыш сомынды (22) тек макисмалдық
диаметрі 150 мм-ге дейін болған ажарлау/кесу дискілері
үшін пайдаланыңыз.
Тез тартқыш сомынды (22)тек ажарлау немесе
u
кесу дискісімен пайдалануға болады.
Бұзылмаған мінсіз жылдам тартқыш сомынды
u
пайдаланыңыз (22).
Бұрап қоюда жылдам тартқыш сомынының
u
жазылған жағы (22) ажарлау дискісіне
көрсетпеуіне көз жеткізіңіз; бағыттама индекстік
белгіге көрсетуі тиіс суретін қараңыз.
Ажарлау/кесу дискісін бекіту үшін тек қана
u
жинақтағы жылдам қысу сомынын пайдаланыңыз
(22).
Bosch Power Tools