Descargar Imprimir esta página

Bosch Professional GDR 4,4 V-LI Manual Original página 146

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 28
OBJ_BUCH-832-006.book Page 145 Friday, December 19, 2014 10:44 AM
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер" де
сипатталған өнімнің 2009/125/EC (1194/2012 бұйрық),
2011/65/EU, 2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі
барлық тиісті анықтамаларына өзгерістері менен бірге
сәйкес екенін және төмендегі нормаларға сай екенін
кепілдендіреміз: EN 60745-1, EN 60745-2-2 .
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen
GERMANY
15.01.2015
Жинау
Аккумуляторды зарядтау
 Тек керек-жабдықтар бетінде көрсетілген зарядтау
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз
ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау
құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
 Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Аккумуляторды шешу
Аккумулятордың 5 екі бекіту басқышы бар, олар
аккумудяторды ашу пернесі 6 кездейсоқ басылып
аккумулятор түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор электр
құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында ұстап
тұрады.
Жұмыс әдісі екі басқышқа бөлектенеді:
Bosch Power Tools
Аккумуляторды 5 шығару үшін ашу пернесін 6 басып,
аккумуляторды электр құралынан алға тартып
шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру (A–C суреттерін
қараңыз)
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
 Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр
қауіпін тудыруы мүмкін.
GDR 14,4 V-LI/GDR 18 V-LI/GDX 14,4 V-LI/GDX 18 V-LI:
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Бекіту төлкесін 2 алға тартып алмалы-салмалы аспапты
тірелгенше аспап патронына 1 жылжытып бекіту төлкесін
2 жіберіп алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Бұрау үшін тек 11 (DIN 3126-E6.3) шарлық ысырмасы бар
қондырма биталарды пайдаланыңыз. Басқа қондырма
биталарды 13 шарлық ысырмасы бар әмбебап бита
ұстағышы 12 арқылы орнатыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Бекіту төлкесін 2 алдынға жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
GDS 14,4 V-LI/GDS 18 V-LI/GDX 14,4 V-LI/GDX 18 V-LI:
 Алмалы-салмалы аспаптарды орнатқанда олардың
аспап патронында бекем тұруына көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспап аспап патронымен бекем
біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі
мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты 14 аспап патронының 1
квадратына салыңыз.
Жүйеге байланысты ретте алмалы-салмалы аспап 14
аспап патронында 1 аздап бос тұрады; бұл жұмыс
істеуіне/қаупсіздігіне әсер етпейді.
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны 1 алмалы-салмалы аспабпен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмы арқылы
жүргізіледі.
Бұрау мен тарту (қағу механизмі жұмыста).
Қaзақша | 145
1 609 92A 0XT | (19.12.14)

Publicidad

loading