Descargar Imprimir esta página

Bosch GGS Professional 8 H Manual Original página 131

Publicidad

OBJ_BUCH-3414-001.book Page 131 Wednesday, December 20, 2017 8:15 AM
Бұрауышпен тоқтатқыш сақинаны 17 ажарлау шпинделі 3
ойығынан шығарып бекіткіш фланецті 11 шешіңіз. Тиісті
бекіткіш фланецті 11 керектігі бойынша орнатыңыз.
Тез қысқыш гайка
(C суретін қараңыз)
Құралдарды пайдаланусыз тегістеу құралын оңай
ауыстыру үшін қысқыш гайканың 1 орнына тез қысқыш
гайканы 7 пайдалануға болады.
 Жылдам қысқыш сомынды 7 тазалау үшін
пайдалану мүмкін емес.
Тек дұрыс, зақымдалмаған тез қысқыш гайканы 7
пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту кезінде жазбасы бар тез қысқыш гайка 7
беті тегістеу шеңберіне қарап тұруын қадағалаңыз;
көрсеткі индекстік белгіге 16 нұсқауы керек.
Дұрыс бекітілген, зақымдалмаған тез қысқыш гайканы
сақинаны сағат тіліне кері бұру арқылы бұра алуға болады.
Ешқашан қатты бекемделген тез қысқыш гайканы
тістеуікпен бұрап алмаңыз, екі бүйірлік тесігі бар
гайка кілтін 15 пайдаланыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен қосқыш/
өшіргішті 6 алға жылжытып сосын басып ұстаңыз.
Басылған сөндіргішті 6 бекіту үшін сөндіргішті 6 одан әрі
алға жылжытыңыз.
Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті 6 жіберіңіз
немесе бекітілсе, сөндіргішті 6 қысқа уақыт бойы басыңыз
және жіберіңіз.
Bosch Power Tools
 Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
(GGS 8 SH)
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен
кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 6 өшірілген күйге
келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Ажарлау құралын аздап басып жылжытып, оңтайлы
жұмыс нәтижесіне жетіңіз. Қатты басу электр құралының
қуатын төмендетіп, ажарлауыштың тез тозуына алып
келеді.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
 Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті
жиі үрлеп, тазартып артық тоқтан сақтайтын
қосқышты (PRCD) қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ
өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы
мүмкін. Электр құралының оқшаулағышы зақымдалуы
мүмкін.
Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Қaзақша | 131
1 609 92A 46N | (20.12.17)

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Ggs professional 8 sh0 601 214 3003 601 b14