Балаларға, денелік, сенсорлық немесе ақыл-ой
u
қабілеттері шектелген адамдарға немесе осындай
құралдармен жұмыс тәжірибесі жеткіліксіз болған
және/немесе білімі жеткіліксіз болған және/немесе
осы қолдану нұсқаулықпен таныс болмаған адамдарға
ешқашан осы бақ электр бұймымен жұмыс істеуге
рұқсат етпеңіз. Электр бұйым қолданушының жасы
бойынша мәліметтер бұйыс қолданылатын елдегі
ұлттық ережелер арқылы шектелуі мүмкін.
Балалардың бақ электр бұйымымен ойнамауын
u
қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек.
Құрал қатты заттарға тиіп қалған жағдайда немесе
u
шамадан тыс вибрациялар пайда болған жағдайларда
құралда зақымдалған жерлердің бар не жоқ болуы
тексеріп алыңыз.
Кесу жібін қысқартқанда әрқашан Өзіңізді кесіп
u
қалмай әрекеттенудің керек болуына назар
аударыңыз.
Шөп кесіуде біркелкі кесу нәтижесіне жету үшін, шөпті
u
кезең-кезеңімен шабыңыз.
Аккумуляторды енгізгенде кесу бөлшегі Өзіңіздің
u
денеңізге және басқа заттарға, сонымен қатар жерге,
жанасып не тиіп қалмауына көз жеткізіп жүріңіз. Құрал
іске қосылған сәтте осы кесу бөлшегі айнала бастап,
жарақаттануға немесе құралда және/немесе басқа
заттарда зақымданулардың пайда болуына апаруы
мүмкін.
Денеңізді қате қалыпта ұстамай, әрқашан тепе-теңдікті
u
жоғалтпай жұмыс істеңіз. Көлбеу болған аумақтарда
қауіпсіз түрде баяу ғана жүруіңіз қажет. Әрқашан баяу
жүріңіз, ешқашан тез жүрмеңіз не жүгірмеңіз.
Бұйымды ұзақ уақыт бойы қолданғанда лайықты түрде
u
үзіліс жасап отыруыңыз лазым.
Электр бұйымын (немесе басқа құралдарды) ұзақ
u
уақыт бойы қолданғанда қолданушы дірілдер әсеріне
түсіп, осы дірілдер Рейно ауруына (Рейно феномені)
немесе білек каналының синдромының пайда болуына
апара алады.
Бұл жағдайларда жанасу түйсіктері мен температура
u
реттелуі шектелініп, ұйып қалу мен қызып кету сезімі,
тіпті жүйкенің және қан таралуының бұзылуы мен ұлпа
некрозы пайда бола алады.
Дірілдеудің шамадан тыс әсер етуін білдіретін
u
симптомдады белгілесеңіз дәрігеріңізге барып кеңес
алуыңыз қажет. Бұл симптомдар ішіне ұйып және
сілейіп қалу сезімі, сезімдіктің жоғалуы, қышып
дуылдау, шаншып ауыру, қақсап ауыру, әлсіздік, тері
түсінің немесе тері қалпысының өзгерілуі кіреді. Осы
симптомдар көбінде бармақтар, қолдар немесе қол
буындарында пайда болады (бұл жөнінде "Шуыл /
вибрациялар" тармағын да қараңыз).
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану бойынша
нұсқаулар
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Bosch Power Tools
Акумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ
уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан,
судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу
қауібі бар.
Құралды пайдаланбаған уақытта
u
пайдаланылмайтын аккумуляторды
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
шегелерден, бұрандалардан және түйіспелердің
тұйықтауына апара алатын басқа ұсақ темір
заттардан ұзақ жерде сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке апаруы мүмкін.
Аккумуляторда зақымданған жерлері бар болғанда
u
немесе ол дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу
шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аумағына таза
ауа кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
u
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Аккумулятордың қысқа тұйықталуын өткізбеңіз.
u
Жарылу қауібі бар.
Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза
u
және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
жүріңіз.
Құралды тек қана оның бұйым қорабында болған
u
қуаттандыру құралымен қуаттандырыңыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну
үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте
сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі
одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады.
Белгі
Мағына
Қозғалыс бағыты
Реакция бағыты
Іске қосу
Өшіру
Рұқсат етілген қолдану әрекеттер
Рұқсат етілмеген қолдану әрекеттер
Естілетін шуылдар
Қазақ | 167
F 016 L94 551 | (27.09.2023)